Ақтөбе қалалық сотымен шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы А.-ның «А.» ЖШС-не шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес, жауапкер жол жүру ережесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардың сапасы бойынша талабын орындамаған, нәтижесінде қараңғы кезде жолдың бойында орналасқан белгілердің және қоршаудың болмауына байланысты, талап қоюшының автокөлігі бетон блогына соқтығысып, соның салдарынан талап қоюшыға 758 812 теңге мөлшерінде  материалдық залал келтірілген.

Сот шығынды өндіру туралы дауды сот медиациясымен реттеп, оның шарттарына бойынша жауапкер «А.» ЖШС-і 7 қүнтізбелік күн ішінде 600 000 теңге келтірілген залалды және 15 000 теңге бағалау құнын өтеуді міндеттелді, ал талап қоюшы, өз кезегінде, талабынан толық көлемінде бас тартты.

Іс өндірісі қысқартылды.  

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі