Ақтөбе қалалық соты «Кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу бойынша сот орындаушылардың ұсыныстарын қарау бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының Оқу орталығымен бірлесіп өткізілетін семинар сабақтар мен дөңгелек үстелдердің жоспарына сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында соттың судьялары, Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің Құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі – Ж.С.Каримнің, Ақтөбе облыстық қорғаушылар алқасының қорғаушылары Э.М.Абдулинаның, Н.Дүйсенбекованың қатысуымен «Кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу бойынша сот орындаушылардың ұсыныстарын қарау бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөнгелек үстелдің бағдарламасына сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Н.К.Баженова аталған тақырыпқа баяндама жасап, кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға  қатысты азаматтық істерді қарауда туындайтын өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде, судьялар тарапынан сот орындаушыларға кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу барысында бірыңғайлық пен тәртіп сатыларын сақтау, мүліктен ақы өндіріп алу бойынша санкциялау туралы қаулымен сотқа жүгіну тәртібін болдырмау  туралы ұсыныстар енгізілді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі