Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында Ақтөбе облысында туылған сотталушы С.-ке қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Іс  құжаттарына сәйкес, 2017 жылдың ақпанында  С. Алға ауданы Маржанбұлақ  ауылының  қасында, орман қорына кіретін, кесуге тыйым салынған   «Ұсақ жапырақты шегіршін» түріндегі екі  түп ағашты  өзінің тұтынуына пайдалану үшін өзімен бірге алып шыққан тұрмыстық шаруашылықта пайдаланатын  қол арамен заңсыз кесіп алған.

Алға аудандық сотының үкімімен С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабының 2-бөлігі бойынша (орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) кінәлі деп танылып, 100 (жүз) сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі