7 жасар жәбірленуші қыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

02.08.2010 жылы Ақтөбе облысында азамат Сапар спирттік ішімдік ішкен мас күйінде, Жолдастың үйіне барып, оның ұйықтап жатқанын көріп, соңғының кішкентай қызы Гүлімнің басқа бөлмеде бір өзі отырғанына көзін жеткізіп, бөлмеде одан басқа адамның жоқтығын пайдаланып, соңғыға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау жөнінде қылмыстық ойы туындаған. Қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында азамат Сапар есігін жапқан. Содан соң ол Гүлімнің сәби күйіндегі әлжуаздығына  байланысты өзіне қарсылық білдіре алмайтынын сезініп, дәрменсіздігін пайдаланып, күш қолданып, нәпсіқұмарлық сипаттағы іс-әрекеттер  жасаған.

Сот үкімімен Сапар ҚР ҚК-нің 121 бабының 4 бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіледі. ҚР-сы ҚК-нің 88 бабы 1 бөлігінің  «Г» тармағы, 95 бабы негізінде Сапарға жазасын өтеу мекемесінде маскүнемдіктен еріксіз емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.