2017 жылдың 5 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би  аудандық сотында «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен, 2017 жылдың 5 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы м.а. Қ.Т.Әбдіхалықов, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша салыстыру көрсеткіштері туралы айтты.

2017 жылдың 5 айында барлығы 25 қылмыстық іс, 116 азаматтық іс және 126 әкімшілік іс қаралды.

Қаралған 126 тұлғаға қатысты әкімшілік істің ішінде 26 айыппұл, 66 әкімшілік қамау, 18 арнайы жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазалары қолданылса, 16 адамға қатысты әкімшілік іс өндірістен қысқартылған. Барлық істер бойынша қарау тәртібі мен мерзімдері бұзылмаған.

Қаралған 25 қылмыстық істің ішінде 20 үкім шығарылғн, 5 іс өндірістен қысқартылған, соның ішінде 4 іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сонымен қатар, сотта істі қарау кезінде медиация тәртібімен 19 азаматтық іс қысқартылған, 61 іске шешім, 27 іске сот бұйрығы шығарылған.

Сондай-ақ, сот төрағасы электронды сот ісін жүргізу жөнінде мәліметті жариялап, «Сот кабинеті» сервисі жөнінде, сондай-ақ үн-бейне жазба құрылғысын пайдалану арқылы бейнехаттама толтырылатынын жария етіп, сотта дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатырғанын атап өтті.

Шараны қорытындылай келе БАҚ өкілінің көптеген сұрақтарына жауап беріліп, қатысқан үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі