2016 жылдың 12 айында татуластыру рәсімдерінің қолданылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында «2016 жылдың 12 айында татуластыру рәсімдерінің  қолданылуы» атты  брифинг өтті. Брифингте аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібімен аяқталған істер туралы «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі Д.Ерболатқа сұхбат берді.

Брифинг барысында судья А.Е.Мусина аудандық сотпен есептік кезеңде  татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібімен барлығы 137 азаматтық іс, оның ішінде медиативтік келісімді бекітумен 33, партисипативтік келісіммен 8, татуласу келісімімен  96 азаматтық іс  қысқартылғанын, сонымен бірге, медиация тәртібімен 42 қылмыстық іс қысқартылғанын жеткізді.

Сонымен бірге, судья тараптар арасында туындаған дауларды сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік беретін «Медиация туралы» Заңының негізгі тұстарына тоқталды.

Шара  барысында судья А.Е.Мусина  БАҚ  өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі