20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен қозғалған аз.А-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды-көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру.

Құқықбұзушы аз. А. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 2017 жылы 08 мамырда сағат 04-20 шамасында, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы, Покровка ауылында «Иж Москвич 2126-030» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде  басқарды.

Сотта құқық бұзушының кінәсі оның кінәсін толық мойындауымен қатар іске тіркелген іс-құжаттарымен толық дәлелденді.

Сот  қаулысымен құқықбұзушы аз.А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 20 (жиырма) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі