120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып және көлік жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру үшін белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыру, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде жазалар көзделген.

Осындай істердің бірі болып табылатын қылмыстық  іс  Мәртөк аудандық сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, аз.А., 2017 жылы Мәртөк аудандық сотының қаулысымен 3 жылға арнайы көлік жүргізу құқығынан айырылды, 2017 жылы 16 қыркүйек айында Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында  21-25 сағат шамасында нашақорлық масаң күйінде көлік құралын жүргізіп, яғни Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмыс жасаған.    

Сот сотталушы аз.А., ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігіне сай кінәлі деп таныды, жаза ретінде 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартты және 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі