1 қазан – халықаралық қарттар күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қобда аудандық сотының төрағасы  А.Т.Анарбаев  сот қызметкерлерімен бірлесіп, Қарттар күні мерекесіне орай  2003-2009  жылдар аралығында Қобда аудандық сотында  от жағушы болып жұмыс жасаған зейнеткер Есмұханов Кеңесті  құттықтады.

Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев  естелік сыйлықтарын табыс етті.

«Бұл күні, сіздердің еңбектеріңіз, шыдамдылық пен төзімділік үшін шын жүректен алғыс білдіруімізді қабыл алыңыздар! Сіздерге өмірге деген мәңгілік қызығушылық, зор денсаулық, жақындарыңыздың жылуы мен махаббатын, бақыт және амандық-саулық тілеймін!»- деп сот төрағасы ерекше атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі