Айбары асқақ Ата Заң

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі – мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден – экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден – жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Алайда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп беретін баптар әуелгі тұңғыш Конституцияның жобасында барынша қамтылмады. Президент Н.Назарбаев та бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы әуелден-ақ еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын алға тартады. Сөйтіп, уақыт өте келе, заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Сосын ұлттық дербестік – жергілікті бостандық мәселесі қамтылады. Алаш партиясы дініне, қанына (ұлтына), жынысына қарамай барлық адамдардың теңдігі қағидасын ұстанды. Сонымен қатар аталмыш бағдарламада соттар мен дін өкілдері – молдалардың отбасы, неке дауларын шешудегі өкілеттігін ажыратты және бір ерекшелік, бағдарламаға сәйкес, сөз, баспасөз бостандығы, тұрғын үйге, меншікке қол сұғылмау, тек сот арқылы тұтқынға алу, сот алдында әркімнің теңдігі, ауыр қылмыстарды алқабилер сотына беру, қазақтар көп тұратын жерде сот ісін қазақ тілінде жүргізу, жалпыға бірдей білім алу құқығы және басқа да көптеген құқықтық мемлекетке сай ережелер көрсетілген болатын. лады. 

Мінеки, алаш қайраткерлерінің сонау өткен ғасыр басындағы конституциялық бағдарламасының өзі бүгінгі тәуелсіз мемлекеттік нышанымызбен үндесетіні байқалады. Тіпті, мұндағы бірқатар мәселелер әлі де маңыздылығын жоймай келетінін айтсақ артық етпес.Осылайша, дүниеге келген Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр десе де болады. Алайда, заман ағымына қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

 Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева