Жалпы отырысының регламенті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

                 

 

Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысының

2012 жылғы 6 сәуіріндегі қаулы.

 

Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысының Регламентін бекіту туралы

 

"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 16 бабына сай Қазақстан Республикасының Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысы,

қаулы етті:

 

  1. Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысының ұсынылған Регламентін бекітуге

 

  1. Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысының 2011 жылғы 5 тамыздағы Регламентінің күші жойылды деп тануға

 

Ақтөбе облыстық сотының

Төрағасы                                                                                      Е.Ж.Айтжанов

 

Ақтөбе облыстық сотының 2012 жылғы 06 сәуіріндегі қаулысымен бекітілген

 

Ақтөбе облыстық соты жалпы отырысының

Р Е Г Л А М Е Н Т І

 

1 тарау. Жалпы мәселелер.

2 тарау. Жалпы отырыс төрағасының, хатшысының, мүшелерінің өкілеттіктері.

3 тарау. Жалпы отырыс өткізудің тәртібі.

4 тарау. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін материалдарды Сот Жюриіне жолдау жөнінде шешім қабылдау және дайындау тәртібі.

5 тарау. Судьяның орнынан түсуі немесе лауазымын тоқтату құқын растау мәселесін қарау.

6 тарау. Судья лауазымына үміткерлердің материалдарын қарау және тиісті қорытынды беру тәртібі.   

7 тарау. Жалпы отырыс регламентін қабылдау және жүзеге асыру тәртібі.

 

1-тарау. Жалпы мәселелер.

 

       1-тармақ.  "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына  сәйкес жалпы отырыс Ақтөбе облыстық сотының органы болып табылады.

Оның мәртебесi, өкiлеттiлiгi, отырыстарды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi, төрағасының, жалпы отырыс хатшысының уәкiлеттiлiгi, жалпы отырысқа сұрақтарды дайындау процедурасы Конституциялық заңмен, "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңмен, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" ,   "Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасы туралы" заңдарымен, "Сот жюриi туралы Ережемен", "Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы туралы Ережесiмен" және осы Регламентпен анықталады.

 

       2-тармақ.  Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:

  1. Апелляциялық және кассациялық алқалардың сандық және дербестелiнген құрамын белгiлейдi;
  2. Облыстық сот төрағасының және алқа төрағаларының ақпаратын тыңдайды;
  3. сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны қорыту нәтижелерi бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн атқару кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды;
  4. облыстық уәкілетті орган аумақтық бөлімнің уәкілетті органның басшы лауазымына азаматтарды тағайындауға келісім береді;
  5. облыс бойынша аумақтық уәкілетті орган басшысының өкілеттігі, атқарған қызметі жөнінде есебін тыңдайды;
  6. уәкілетті орган аумақтық бөлімнің уәкілетті органның басшы қызметінен босату жөнінде ұсыныс келтіреді;
  7. облыстық соттың судьясы және аудандық соттардың төрағасы қызметiнiң бос орындарына кандидатуралар талқылайды және тиiстi қорытынды шығарады;
  8. судья лауазымына үміткерлердің тағылымдамадан өту қорытындысын  талқылайды және тиiстi қорытынды шығарады;
  9.  сот төрелiгiн атқару жөнiнде төменгi көрсеткiштерге ие болған немесе сот iстерiн қарау кезiндегi жүйелі түрде заң бұзушылықтар жіберген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылаудың нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм шығарады;
  10. заңмен белгiленген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

3. Жалпы отырысы облыстық соттың судьяларының жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған жағдайда құқылы болады.  

 

4. Ақтөбе облыстық соттың жалпы отырысы қажеттілігіне байланысты,  алайда жылына екі реттен жиі емес шақырылады. Кезектен тыс жалпы отырыс Ақтөбе облыстық сотының Төрағасының бастамасы бойынша шақырылады.

 

2 тарау. Жалпы отырыс төрағасының, хатшысының, мүшелерінің өкілеттіктері.

 

         10. Жалпы отырыс Ақтөбе облыстық сотының төрағасының төрағалық етуiмен жүргізіледі.

Жалпы отырыс төрағасы: 

  • жалпы отырыс қызметіне қатысты тапсырмалар береді;
  • баяндамашыны анықтайды және жалпы отырыста талқылауға түскен материалдар бойынша дайындалуға тапсырады;
  • отырыс уақыты мен өткізілетін орнын белгілеп, жалпы отырыс күн тәртібін бекітеді;
  • жалпы отырыс актілеріне қол қояды;
  • қажеттілік туындаған жағдайда материалды қарау мерзімін ұзартады;
  • қосымша тексеріс жүргізудің қажеттелігін анықтайды;
  • сот төрелiгiн атқару кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды, сот тәжiрибесiн зерделеудi және талдауды ұйымдастырады;
  • жалпы отырыста алқа төрағалары мен аумақтық уәкілетті органның басшысының ақпараттарын тыңдауды ұйымдастырады;
  •  "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгiленген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

11. Жалпы отырыс төрағасының уақытша болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша алқа төрағаларының бірі төраға міндетін атқарады.

12. Жалпы отырыс хатшысын көпшілік дауыс беру арқылы жалпы отырыста облыстық соттың ұсынысы бойынша сайлады.

Жалпы отырыс хатшысы:

  • жалпы отырыс іс қағаздарын жүргізеді;
  •  жалпы отырыс күн тәртібін әзірлейді;
  • жалпы отырыс құжаттарының жобаларын әзірлейді;
  • жалпы отырыс мүшелерінің және отырысқа қатысуға тиіс тұлғалардың тиісті түрде қатысуына қадағалау жүргізеді;
  • осы регламенттің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • жалпы отырысты ұйымдастыруға қатысты төрағаның басқа да тапсырмаларын жүзеге асырады.

13. Жалпы отырыс хатшысының болмауы кезінде оның міндеттері жалпы отырыс мүшелерінің біріне жүктеледі.

14. жалпы отырыс мүшесі:

- жалпы отырыс отырыстарына қатысады;

- жалпы отырыс төрағасының тапсырмаларын орындайды;

- жалпы отырыста баяндама жасайды;

- жалпы отырыс төрағасының тапсырмасы бойынша талдау, сот тәжiрибесiн зерделеу жүргізеді, тексеріске қатысады және сот төрелiгiн атқару кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерi бойынша ұсыныстар келтіреді;

  • жалпы отырыс қызметіне қатысты төрағаның басқа да тапсырмаларын жүзеге асырады.

 

  1. тарау. Жалпы отырыс өткізудің тәртібі.

 

  1. Жалпы отырыс Ақтөбе облыстық сотының төрағасымен шақыртылады.
  2. Жалпы отырыс талқылауына тапсырылған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына орындаушы, тиісті бөлім басшысы, сот алқаларының төрағалары, аймақтық уәкілетті органның басшысы жауап береді.

Орындаушы алдын ала жинақтаулардың, қаулылардың және басқа да сот төрелігін атқару мәселесі бойынша құжаттардың көшірмелерін тиісті алқа төрағасына зерделеу үшін ұсынады.

  1. Жалпы отырыс хатшысы түскен жадығаттар бойынша күн тәртібін құрастырып, оны жалпы отырыс төрағасына бекіту үшін және жалпы отырыс күнін белгілеу үшін береді.
  2. Төрағамен жалпы отырыс күні белгіленгеннен кейін талдау және жоспарлау бөлімінің қызметкерімен жалпы отырыстың тағайындалған күні, уақыты, орны көрсетіліп, күн тәртібі тіркеліп, жалпы отырысқа қатысуы тиіс тұлғаларға хабарлама жолданады.
  3. Хабарлама хат, телеграммалар, телефонограмма түрінде жолданады, сондай-ақ байланыстың басқа да жолдарымен, жолданғандығын растайтын құжат болатын жағдайда жіберіледі.
  4. Талдау және жоспарлау бөлімінің қызметкерлері жалпы отырыс мүшелерінің және жалпы отырыста талқыланатын сұраққа қатысы бар         аудандық, қалалық және оған теңестірілген соттардың судьялары және қатысулары міндетті басқа да тұлғалар.  Жалпы отырыс тағайындалған күні бөлім қызметкерлері отырыс залын әзірлеулері және отырысқа шақырылған тұлғалардың кіруін қамтамасыз етулері қажет.
  5. Ақтөбе облыстық соттың төрағасының шешімімен жалпы отырысқа мемлекеттік басқару органдарының, құқық қорғау органдарының жауапты мамандары, басшалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
  6. Жалпы отырыс хатшысының кворумның бар екендiгi және жалпы отырыстың жұмысына шақырылған тұлғалардың қатысуы туралы баяндамасынан кейiн отырысты ашу туралы немесе кейінге қалдыру мәселесі шешiледi.
  7.  Жалпы отырыс қазақ тілінде жүргізіледі, қажет жағдайда орыс тілінде өткізіледі. Аудармасын қажет жағдайда шақырылған маман немесе облыстық сот қызметкері қамтамасыз етеді.
  8. Жалпы отырыс ашық түрде өткізіледі. Жабық отырыс  мемлекеттік құпияны сақтау, азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын қорғау қажеттігі туындаған жағдайда, заңмен көзделген басқа да жағдайларда.
  9. Төрағалық етуші жалпы отырысты ашық деп жарияламас бұрын:
  1. отырыс хатшысының кворумның бар екендiгiн;
  2. жалпы отырысты ашық деп жариялайды;
  3. қаралуға жататын мәселелені жариялайды;
  1. Материалды қарау төрағалық етушінің немесе жалпы отырыс мүшесінің баяндамасымен басталады, баяндамада сұрақтың мән-жайын баяндап, жазбаша құжаттардың мазмұнын, басқа шешім қабылдауға қажетті мәліметтерді хабарлайды.

Баяндамашыға жалпы отырыс мүшелерімен сұрақ қойылуы мүмкін.

Баяндамадан кейін судьяға және отырысқа шақырылған басқа да тұлғаларға сөз беріледі.

         Жалпы отырыста талқыланатын сұраққа қатысы бар судья өзіне қатысты материалды зерттеуге қатысуға, ол бойынша түсінік беруге, қосымша құжаттар беруге, өтініш келтіруге құқы бар.          

  1.  Жалпы отырыс барысында төрағалық етушi:
  • отырыстың жалпы барысын басқарады, осы Регламенттiң сақталуын бақылайды;
          - кезектiлiк тәртiбiмен, күн тәртiбiне, осы Регламент талаптарына сәйкес немесе жалпы отырыс шешiмiмен анықталған өзге де тәртiпте сөйлеу үшiн сөз бередi;
          - процедуралық мәселелер бойынша кезектiлiктен тыс сөз бередi;
          - әрбiр ұсынысты келiп түсу тәртiбiнде дауысқа салады;

      - ашық дауыс берудi және дауыстарды санауды ұйымдастырады, дауыс беру нәтижелерiн жариялайды;

- жалпы отырыс шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді;

  1. Осы Регламенттiң ережелерi бұзылған жағдайда жалпы отырыстың қатысушыларына ескерту жасауға құқылы, ал қайта бұзу кезiнде оларды сөз сөйлеуден айыруы мүмкiн; жалпы отырыс жұмысына шақырылған кедергi келтiрушi тұлғаларды ескертуден кейiн отырыс залынан шығартуға құқылы.

Жалпы отырыстың шешімдері ашық дауыс беруiмен қабылданады. Шешімге көпшiлiк дауыс берiлген жағдайда қабылданған болып табылады. Дауыстар тең түскен жағдайда шешiм қабылданбаған деп есептеледi.

  1. Жалпы отырыста қаралған сұрақтар бойынша қаулы, қорытынды қабылданады, сондай-ақ қажет жағдайда мемлекеттік басқару органдары мен құқық қорғау органдарына ақпарат жолданады. Жалпы отырыс қаулысына төрағалық етуші және жалпы отырыс хатшысы қол қояды.
  2. Жалпы отырыста хаттама жүргізіледі және үш күн ішінде төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Жалпы отырыста үн, бейне жазба жүргізілуі мүмкін. Жазба дискісі мөрленіп, материалдарға тіркеледі.
  3. Жалпы отырыстың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмысты облыстық соттың баспасөз хатшылары айналысады.
  4. Жалпы отырыстың жұмысына жағдай жасау облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімі мен персоналды басқару /кадр бөлімі/ бөліміне жүктеледі.

 

  1. тарау. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін материалдарды

Сот Жюриіне жолдау жөнінде шешім қабылдау және дайындау тәртібі.

 

  1. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін Сот жюриіне құжаттарды дайындау мен жолдау талдау және жоспарлау бөлімімен жүзеге асырылады.
  2. Құжаттар осы Регламенттiң ережелерiнің тәртібінде беріледі. Құжаттарды рәсімдеу кезінде түзетулер енгізуге жол берілмейді. Құжаттар тігіліп, нөмерленіп, тізім жасалған күйде берілуі тиім.
  3. Судьяның кәсіби қызметін мінездейтін мәлімет соңғы үш жылға болмаса үш жылға дейін қызмет атқарса, жұмыс жасау уақыты кезі бойынша берілуі тиіс, ал судьяның орнынан түсу құқын қарау үшін соңғы екі жылғы мәлімет қажет.
  4. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау туралы материал келесі құжаттардан тұрады:
  1. Сот төрелігін жүзеге асырудың сот мониторинг қорытындысы;
  2. Соңғы үш жыл бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың салыстырмалы кесте көрсеткіші;
  3. Судьяны тәрпіттік жауакершілік тарту туралы ақпарат және шешім көшірмесі;
  4. Судьяға қатысты шығарылған жеке қаулылар /ұйғарымдар/ жөнінде мәлімет және олардың қаралауы бойынша қорытынды құжаттардың көшірмелері;
  5. Заң бұзушылық туралы прокурордың ұсынысы жөнінде мәлімет және ол бойынша шешім /көшірмелері тіркеледі/;
  6. Судьяға қатысты түскен шағымдар бойынша мәлімет және оның қаралуы бойынша шешім, толық талдау /тексеру құжаттары тіркеледі/;
  7. Судьяның оқудан, тағлымдамадан өтуі бойынша мәлімет, сондай-ақ оқу дәрежесі және т.б.
  8. Судьяның түсініктемесі /қарсылық/;
  9. Судьяны мінездейтін басқа да мәліметтер.
  1. Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жүргізілген сот мониторингінің қорытындысы анықтама ретінде, онда өзгертілген және бұзылған істер бойынша талдауды қамтуы тиіс.
  2. Судья, кәсіби жарамдылығын анықтау туралы жүргізілген тексеріс қорытындысының материалдарымен және оғат тіркелген қосымша құжаттармен танысуы тиіс. Судья оған қосымша түсініктемелер келтіруге құқылы.     
  3. Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша көрсеткіштері төмен немесе іс қарау барысында жүйелі түрде заң бұзушылыққа жол берген судьялардың кәсіби жарамдылығын анықтау үшін Сот жюриіне құжаттарды жолдау туралы жалпы отырыс шешімі жалпы отырыс мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
  4. Сот жюриіне жалпы отырыс шешімі мемлекеттік және орыс тілдерінде жолданады, сонымен қатар тіркелетін құжаттар судья өтінім дерген тілде немесе мемлекеттік тілде рәсімделеді.
  5. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау туралы материалдар Сот жюриіне жалпы отырыс қаулысы қабылданған күннен бастап он күн ішінде жолдануы тиіс. 

 

  1. тарау. Судьяның орнынан түсуі немесе лауазымын

тоқтату құқын растау мәселесін қарау.

 

  1. Судьяның орнынан түсуі немесе лауазымын тоқтату құқық растау "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-1 бабының 2 тармағында көзделген.

Судьяның орнынан түсуі туралы жазбаша өтініші облыстық соттың төрағасы атына беріледі.

  1. Сот жюриіне судьяның орнынан түсу құқық растау мәселесі туралы материалдар облыстық соттың жалпы отырыс шешімімен немесе облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша жолданады. Материалдарда судьяның жазбаша өтініші, судьяның жұмыс өтілін анықтау Комиссиясының хаттамалы шешімі, судьяның мінсіз жұмысы туралы құжаттар, судьяны марапаттау туралы мәліметтер болуы тиіс.
  2. Келтірілген өтінішті қарау бойынша судьяның орнынан түсу құқық растау мәселесі бойынша шешімде келесідей мән-жайлар көрсетілуі тиіс:
  1. Қорытындыда судьяның орнынан түсу құқық растайтын немесе жоқтығы туралы негіз;
  2. Судьяны мінездейтін мәліметтер;
  3. Судья лауазымында жұмыс атқарған мерзімін /өтілін/ растайтын нақты мәліметтер және өтілімнің сәйкестігі туралы қорытындының Конституциялық заңның 35 бабында көзделген талаптарға сәйкес болуы;
  4. Осы регламентте көзделген мәліметтер тізбесіне сай, мінсіз еңбегі туралы мәлімет;
  5. Судьяның мінсіз еңбегін тану туралы дәлелдер;
  6. Қабылданған шешімнің мәні;
  1. Судьяның орнынан түсу құқын  растаудан бас тарту негіздері:
  1. Қажетті еңбек өтілімінің болмауы;
  2. Соңғы екі жыл ішінде сот әдебіне қайшы келетін, кір келтіретін теріс қылығы үшін, жемқорлық сипатындағы іс-әрекеті үшін тәртіптілік жауаптылыққа тартылуы;
  3. Соңғы үш жыл ішінде сот төрелігін жүзеге асыру бойынша көрсеткіштері төмен немесе іс қарау барысында жүйелі түрде өрескел заң бұзушылыққа жол берген;
  4. Судьяның орнынан түсу құқын  растау бойынша материалдар екі апта ішінде қаралып, ол бойынша тиісті шешім шығарылуы тиіс;
  5. "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 16 бабының 1 тармағының 7 тармақшасына сай жалпы отырыста облыстық сотың судья лауазымына, аудандық соттардың төрағаларына  бос орындарға үміткерлерді қарап, тиісті қорытынды қабылдайды.

Егер де үміткер судья қызметін атқармайтын болса, дегенмен де облыстық соттың судья лауазымына бос орынға өтініш келтірсе, жалпы отырыста аталған үміткерге судьяларға қойылатын талап бойынша қарастырады.

 

  1. тарау. Судья лауазымына үміткерлердің материалдарын

қарау және тиісті қорытынды беру тәртібі.

 

  1. Облыстық соттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 15 бабының 1 тармағының 9 тармақшасына сай судья лауамызына үміткерлердің құжаттарын қарап, тиісті қорытынды береді.
  2. Жалпы отырыста үміткерлерге қатысты материалдармен қоса, сот төрелігін жүргізген ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын Ақтөбе облыстық сотының жанындағы Жалпы Кеңесінің қорытындысы беріледі.
  3. Жалпы кеңестің регламентіне сай судья лауазымына үміткерге қатысты жүргізілген қоғамдық сұраныс нәтижесінің қорытындысы ұсынымдық сипат алады.
  4. Судья лауазымына үміткерлерге талапты күшейту мақсатында обылстық сотпен келесідей жұмыстар жүргізіледі:
  • Үміткерлердің тізімі қоғамға жариялы болу мақсатында интернест-ресурстарды /облыстық сот сайтында/ пайдаланып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, жалпыға көрнекті жерлерде ілініп,  жарияланды, сонымен қатар әрбір үміткерге қатысты өз пікірлері, ұсыныстары мен қарсылықтарын жергілікті соттардың ғимараттарында орналасқан шағым жәшігіне орналастыра алады.
  • «ҚСжАЕАЖК Ақтөбе облысы бойынша Басқарма» ММ-сі арқылы тексеру жүргізу;
  • Судья лауазымына үміткерлерге жұмыс орнынан жұмыс және жеке сипатын, ортамен байланысын, моральдық-адамгершілігін мінездейтін мәліметтер алдырту;     
  • Құқық қорғау органдарынан, соның ішінде ҰҚК департаменті, прокуратура, Қаржы полициясы, ішкі істер департаменті, Ақтөбе облысы бойынша әкімшілік полициядан мәліметтер сұрату.
  1. Судья лауазымына үміткерлерге қатысты материалдар Ақтөбе облыстық сотының жанындағы Жалпы Кеңестің қорытындысы, қоғамнан мәлімет, «ҚСжАЕАЖК Ақтөбе облысы бойынша Басқарма» ММ-сінен, құқық қорғау органдары мен жұмыс орнынан мәліметтер түскеннен кейін ғана жалпы отырыста қаралады.
  2. Судья лауазымына үміткерлерге қатысты материалдарды қарау қорытындысы бойынша оң немесе теріс қорытынды беру, көпшілік дауыспен қабылданады. Жалпы отырыстың қорытындысына төрағалық етуші мен хатшы қол қояды.
  3. Судья лауазымына үміткерлерге қатысты жалпы отырыс қорытындысы және жинақталған материалдар облыстық сотпен Жоғарғы Сот Кеңесіне жолданады.

 

7 тарау. Жалпы отырыс регламентін қабылдау және жүзеге асыру тәртібі.

    1. Осы Регламент Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысында қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi.

      2. Жалпы отырыстың Регламентiне өзгерiстер мен толықтырулар оның отырыстарында қабылданады және қаулымен рәсiмделедi.

       3. Осы Регламенттiң ережелерiн түсiндiру жалпы отырыспен жүзеге асырылады.