Тарих

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының қалыптасу тарихы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңімен тікелей байланысты.  Аталмыш Естелік кітабында негізгі тарихи оқиғалар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, конституциялық заңның негізгі кепілі бола білген облысымыздың сот органдарының қалыптасу кезеңдері айтылады. Алайда, кітаптың негізгі мақсаты-ар мен заң аясында әділдік орнатып, өз күш-жігерін, бар қайратын еңбекке арнаған асыл азаматтарға, нар тұлғаларға құрмет көрсету. Алғашқы губерниялық сот төрағасынан бастап бүгінгі күнде қызметте жүрген Фемида қызметкерлері судья атағын үлкен құрмет және абыроймен арқалап келеді. Олардың әрқайсысы облысымыздағы сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосып, ойып тұрып өз іздерін қалдырды.

IMG_9576

Ежелгі және бүгінгі тарих.

Аумағына Ақтөбе облысы енген Торғай өлкесінің революциялық кезеңге дейінгі сот жүйесіне хандық заңдары бойынша сот төрелігін жүргізген дүниежүзілік судьялар, басшылар, болысты басқарушылар, аумақтық соттар мен сот палаталары кірген.

         Бұл басшылар терең ой қабілеті мен көрегендігімен қазақ халқының арасында орын алатын үлкен рөлімен ерекшеленген.

         Олардың ішінен ең танымалдары- Торғай облысының әскери губерниясының аса маңызды тапсырмалары бойынша жоғарғы штаттық шенеунік- Беркімбаев Дербісәлі /1837-1913 ж.ж./, болыстық басшы- Нұрмұхаммедов Сейтбаталл, болыстық басшы-Алдияров Бермұхамед, болыстық басшы-Сарықожин Акшолақ, сұлтан-Баймұхамбетов Мұхаметжан, подполковник, Ержан Шолаков- болыстық басшының кеңесшісі.

         Жалпы империялық сот жүйесімен бірге билер мен қазылар соты болған, олар 3 құрамнан тұрған: дара билер, билердің болыстық съезі, төтенше жағдайлар бойынша билердің съезі. Бұл соттар істерді қазақ халқының жалпы құқықтық ережелері бойынша қараған.

         Осы кезеңдегі сот жүйесінің тарихы — Кіші Жүздің ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ мемлекетінің саяси құқықтық жүйесінің қалыптасуына зор үлес қосқан, танымал биі Әйтеке бимен тығыз байланысты.

         Әйтеке бидің саяси – құқықтық көзқарастары мемлекеттік басқарудың әділ бастамасын дәл көрсеткен, қазіргі кезге  дейін бұл бастамалар өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес.

Әйтеке би ауданының орталығында елдің біртұтастығының сақталуына, жоңғар-қалмақ басқыншылығынан қорғауды ұйымдастыруға баға жетпес үлесін қосқан мемлекеттік қайраткердің атына мемориалдық мұражай ашылған. Танымал тарихи зерттеуші А.Левшин «қырғыз-қайсақ» жазбасында Тәуке ханмен бірге Әйтеке би де «Жеті Жарғыны» жазушылардың бірі екендігі туралы айтқан.

Орынборлық оқыту-мұрағаттық комиссиясының «Народный суд» атты мұрағаттық еңбектерінде Тәуке ханның және де басқа қазақ билерінің қызметі туралы түсіндірмелер жан-жақты жазылған. Ол  Л.А.Словохотовтың редакциялауымен  «Кіші Орда қырғыздарының қарапайым құқығы» атты мақаласында да кездеседі. 

Ақтөбе облысының аумағында қазақ халқының құқықтық нормалары мен салт-дәстүрлерін толыққанды зерттеп, меңгерген және де өздерінің шешендік талантымен, жан-жақтылығымен, әділеттілігімен Мөңке би, Есет Көтібарұлы, Аламан би, Былшық би, Әжібай би, Келаман би, Жаныс би, Қаратау би, Опа би, Жетес би, Саржан би, Алмат би және басқалары ерекшеленеді.     

Өмірінің соңына дейін аталған билер қазақ халқының арасында асқан бедел мен құрметке ие болған. Кеңестік құқықтық тәртіп орнағанға дейін бұл билер ауыл арасындағы жер дауы мен мүліктік қатынастарды шешіп отырған. Олардың шешімдері терең ой мен, ашықтығымен, әділеттілігімен ерекшеленген.

Тарихи деректерге  жүгінсек, қазақ халқының арасындағы билердің алар орны ерекше  екендігі көрінеді. Яғни, олардың жұмысы сол замандағы құқықтық қатынастардың қалыптасуына ықпалын тигізген.

1920 жылы 26 тамызда  Қырғыз (Қазақ) АССР-ның құрылуынан кейін халық соттарының құрылуы басталды. Мұрағат деректеріне сүйенсек, Ақтөбе губерниялық халық депутаттар кеңесі кассациялық сот органы болып 1921 жылы 21 қыркүйекте құрылған. Оның құзіретіне халық соттарының жұмысын бақылау, сот үкімдеріне, шешімдеріне қатысты жеке және кассациялық шағымдарды қарау, халық сотының әрекеттеріне келтірген кассациялық және жеке шағымдарды қарау кіреді. Бұл сот органы өз жұмысын 1923 жылы 23 сәуірде аяқтады.

Ақтөбе губерниялық соты

Халық соттары Ақтөбе губерниялық кеңесі 1921 жылы 23 қыркүйекте Ақтөбе губерниясы аумағында кассациялық сот органы ретінде құрылды. 1923 жылы сәуір айында РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімшесі өмірге келді. 2 мамырда Ақтөбе губерниялық соты ашылды. Оның құзіретіне учаскелік судьялардың жұмысын бақылау, қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық сатыда қарау, бірінші  сатыдағы байлардың мүлкін тәркілеу сияқты  істерді қарау жатқан. 

Мұрағат деректеріне сәйкес, Ақтөбе губерниялық сотының алғашқы төрағалары қатарында аталған бөлімшенің мүшелері тобында Ақтөбе губерниясының тұрғындары Тілеужан Мұқашев, Мырзағұл Атаниязов және Мұхамедғали Наренов, ал губерниялық сот мүшелері Қамбар Медетов, Хажығали Жауынбаев, Ғалымжан Құлымбетов, Иван Тарануха, Клавдова, Абдолла Құлыбеков, Моисеев, Метюков және т.б. болды. 

ScannedImage-2Мұқашев Тлеужан Мұқашұлы, 1881 жылы Ақтөбе   губерния Ақтөбе уезының 1 ауылында дүниеге келген,

наурыз 1924 –маусым 1925 ж.ж.- РСФСР Жоғарғы       Соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

фото 9            Атаниязов Мырзақұл, 1899 жылы Ақтөбе        губерния Ақтөбе уезының 1 ауылында дүниеге келген,           1921-1922 ж.ж.- Ақтөбе губерния трибуналының          Әскери алқасы төрағасының орынбасары,             1922-1923 гг.-ҚАССР әділет комиссары,                                     мамыр 1925 года – наурыз             1927 ж.ж.- РСФСР Жоғарғы

Соты Қазақ бөлімшесінің төрағасы 1933-1934 гг.-                     ҚАССР прокуроры; 1938 жылы қуғын-сүргінге         ұшырап, 1957 жылы   ақталған.

  

 

 

 

 

 

ʮʭðНаренов Мухамедғали Наренұлы,

 

1884 жылы Темір уезында дүниеге келген, орыс-қырғыз училищесін бітірген,

 1923-25 ж.ж.- Ақтөбе гкберниялық сотының мүшесі, 1925-28 ж.ж.- Ақтөбе гкберниялық сотының төрағасы, 1928 жылдан РСФСР Жоғарғы   Сотының Қазақ бөлімшесінің мүшесі.

 

 

 

 Сонымен қатар,  соғыстан кейін ҚССР-нің Жоғарғы Сотың біздің жерлесіміз  Биекенов Абидолла басқарған.

ScannedImage-36Биекенов АбидоллаУмбетжанұлы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының 19 ауылында дүниеге келген,

1936-1939 ж.ж.г.- Шалқар, Жұрын аудандық халық сотының судьясы, Ақтөбе облыстық соты төрағасының орынбасары, 1939-1942 ж.ж.- Қарағанды облыстық сотының төрағасы, мамыр-тамыз 1946 жылы-  Қазақ ССР Жоғарғы Сотының төрағасы.

 

1928  жылы 4 тамызда  губерниялық бөлімдер жойылғаннан кейін Ақтөбе аймақтық халық соты құрылды. Бұл сот соттардың, нотариалдық кеңестердің жұмысын қадағалау, 1-ші сатыдағы азаматтық, қылмыстық істерді қарау, кассациялық тәртіпте халық сотының қаулыларын қайта сараптау жұмыстарын жүргізді. Аймақтық соттың алғашқы төрағалары А. Кенжеғалиев, М. Ғазизов болды.

1921-1923 жылдары уездерде сот, тергеу учаскелері, нотариалды бөлімдер, сондай-ақ қорғаушылар коллегиясы ашылды. Осыған байланысты 1922 жылы 20 қыркүйекте халық соттары губерниялық кеңесінің төрағасы Кеңестердің губерниялық съезінде былай деп баяндама жасады:

«Халық соттары кеңесі губернияның жоғарғы сот органы ретінде 1921 жылдың 23 қыркүйегінде төрт бөлімше құрамында ұйымдастырылды, ал 1922 жылдың 1 қаңтарына губерния бойынша оның ұйымдастыру жұмыстары аяқталды. Халық соттары кеңесі бойынша 24 сот учаскесі, 6 тергеу бөлімі және нотариалдық бөлімше ашылды. Губерния бойынша ұйымдастыру жұмыстарын аяқтай отырып, халық соттары кеңесі өзінің алдына өмірге революциялық міндеттерді жүзеге асыру үшін күрес міндетін қойды.

Ақтөбе облысы аумағын қамтыған аштық қылмыстың бұрын-соңды болмаған мөлшерін көбейтті, бұл қылмыспен күрес барысында мейлінше ауыр ахуалды туындатты. Ұрлық-қарлық көбейді. Қылмыстың кең көлемде өрістеуі сот және тергеу органдарының, сондай деңгейде милиция қызметкерлерінің тынымсыз және белсенді жұмыс істеуін талап етті. Біздің губерниямыздың көптеген жерлерінде аштық себебінен өздерін-өздері жазаға тарту жасалып жатты...».

Ақтөбе губерниялық соты 1923 жылдың 2 мамырында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 31 қазандағы 4-сессиясында қабылданған РСФСР сот құрылымы туралы Ереже негізінде құрылды. Осы аталған өкім арқылы бұған дейін Ақтөбе облысында жұмыс істеп келген халық соттары кеңесі мен Ақтөбе губерниялық революциялық трибуналы жойылды, ал сот өндірісінде аяқталған барлық істер, мүліктер мен құралдар Ақтөбе губерниялық сотының иелігіне берілді.

Губерниялық соттың төрағасы Мұхамедғали Нареновтің 1925 жылы жасаған баяндамасында былай делінеді: «Пролетарлық революцияның жеңістерін сақтау және еңбекшілердің құқықтарын қорғау мақсатында Ақтөбе губерниясында Сот құрылымы туралы ереже негізінде ұйымдастырылған мынадай сот-тергеу органдары қызмет істейді:

а) губерниялық сот 1 және 2 инстанциядағы сот ретінде, халық соты қатысушылары — бастауыш сот ұйымы, әкімшілік етуші орган ретінде;

б) халық соты».

Ақтөбе губерниялық соты қызметі аумағына учаскелік халық соттары қызметтерін бақылау, азаматтық және қылмыстық істерді кассациялық қарау, лауазымдық қылмыстар туралы істерді бірінші инстанция бойынша қарау, сондай-ақ бай-құлақтардың мүліктерін тәркілеу туралы істерді қарау кірді.

Ақтөбе губерниялық соты аппаратында мынадай құрылымдар жасақталды:

- қылмыстық бөлім;

- қылмыстық-кассациялық бөлім;

- азаматтық бөлім;

- азаматтық-кассациялық бөлім;

- нотариалдық бөлім;

- нұсқау-тексеру бөлімі;

- жеке құрамға және қаржы бөліміне басшылық ететін әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

Губерниялық соттың бұл құрылымы негізінен өзгере қойған жоқ. Нотариалдық бөлім ғана 1923 жылдың 1 шілдесінен РСФСР Халық Комиссариаты жарлығы негізінде, соған сәйкес Қазақ АССР-ы Әділет Халық Комиссариаты нұсқауымен қайта құрылымдалды. Осы өкіммен қалалар мен поселкелерде нотариалдық кеңселер, ал губерниялық соттарда — нотариалдық бөлімшелер және нотариалдық мұрағат құрылды.

Ақтөбе мемлекеттік мұрағаты қорынан 1923-1928 жылдар аралығындағы кезеңдегі Ақтөбе губерниялық сотының жеке құрамы анықталды:

Бытко Сергей Митрофанович, Баранов Николай Андреевич,  Наренов Мұхамедғали Наренұлы — губерниялық сот қызмет еткен кезеңдегі губерниялық сот төрағалары;

Құлымбетов Ғалымжан Ілиясұлы — Азаматтық бөлім бойынша төрағаның орынбасары;

Әлмұхамедов Ибрагим — Қылмыстық бөлім бойынша төрағаның орынбасары;

Губерниялық соттың мүшелері: Тарануха Иван Андреевич, Полторак Степан Гаврилович, Темірбеков Ілияс Құлжанұлы, Галинский Миххаил Иванович, Еспаев Ахмеди Басқынұлы, Кротов Филипп Митрофанович, Бердалиев Құлмағамбет Сұлтанұлы, Зеленый Семен Афанасьевич, Фролов Иван Михайлович, Жауымбаев Қажығали, Тябина Елена Романовна, Рахметуллин Хайрутдин Яхияұлы, Солодов Александр, Моисеев Георгий, Холодкой Павел.

ScannedImage-10

Протокол первого пленарного заседания губсуда от 02.05.1923 года

Сондай-ақ губерниялық соттың штатында аға тергеушілер Клецов Иван Петрович, Бүркітов Кенжеғұл, сот орындаушылары Сейітқалиев Нарден, Мусин Ғабдықадыр, бас нотариус Ментюков Борис Дмитриевич, нотариус Иванов Иван Яковлевич, хатшылар Салаев Степан Миронович, Максимов Семен, Қаратаев Мұзафар, Сарбасов Бақыт, Абдуллин Ғали, Жалмұқанов Қаналы, Каюдина Елизавета, Тигаева Вера Дмитриева, нұсқау-тексеру бөлімінің меңгерушісі Всехсвятский Иван, статист Чахлов Семен, канцелярия меңгерушісі Игнатовский Тимофей, журналист Новожилова Мария және басқалары тұрды.

Сол кезде Ақтөбе уезі сот учаскелері халық судьялары қатарында болғандар:

Герасимчук Василий Иванович, Федоренко Григорий Владимирович, Канупер Иван Васильевич, Құнанбаев Арыстанғали, Войтенко Георгий Митрофанович, Әбілов Шайха, Медетов Қамбар, Сейсекенов Бүркіталы.

Ақбұлақ уезі бойынша: Валиахмедов Шамиграт, Қаратаев Хасен;

Темір уезі бойынша: Романенко Яков, Сейітов Рысмұхамед, Самышкин Федор Александрович;

Шалқар уезі бойынша: Қарағулин Ыбыраш, Рысқұлов Тұрмұхамед, Таутенов Сержан;

Ырғыз уезі бойынша: Аймақов Темірхан, Құлыбеков Абдулла, Тосанов Мағзұм;

Торғай уезі бойынша: Тастамиров Әбен, Бейісов Жармұхамед, Бекмұхамедов Дәурен, Шартанбаев Алжиран.

Фото 1

                           

Ақтөбе қаласы, 1925 жыл

1925 жылы 23 наурызда Ақтөбе губерниясы сот қыметкерлерінің съезі болып өтті. Жиында губерниялық сот төрағасы Мұхамедғали Наренов «Ауылдардағы әділет органдарының жұмысы туралы, тұрғындарға заңдылық көмегін көрсету туралы» баяндама жасады. Ол былай деп атап көрсетті: «Жұртшылықпен күнделікті байланыс жасай отырып, олардың ең қардар қажеттіліктері мен тұрмыс-тіршіліктерінен хабардар болғандықтан халық соттарына көпшілікті қайта тәрбиелеу бойынша жұмыстарға ерекше қатысу қажет, ол үшін: 1. барлық елді мекендерді жоспарлы түрде қамту мақсатында көшпелі сессиялар ұйымдастыруды ең жоғарғы деңгейге дейін дамыту, кедейлер, демек, өз құқығын қорғауда мейлінше әлсіз адамдар бір тараптан қатысатын, сондай-ақ әйел-шаруалардың мүддесін қорғайтын істерді қарауға тағайындау, т.б.; 2. Әрбір жауапты сот қызметкері міндетіне халық засадетателдерімен олардың құқықтары және міндеттері туралы жекелей әңгіме өткізу, шаруаларды мазасыздандыратын құқықтық мәселелер бойынша олар қатысатын жиындарда сөйлеуөз ауданынан шалғай мекендерге сапарға шығуды енгізу қажет; 3. Кедей шаруаларға сот ісін жүргізуді жан-жақты жеңілдету керек...»

Мұрағат құжаттары губерниялық соттағы барлық судьялардың да большевиктердің Бүкілодақтық коммунистік партиясы қатарында болғандығын растайды. Олар оқытушылық курстарда, орыс-қырғыз мектептерінде білім алған, кейбіреулерінде арнаулы заңгерлік білім де болған. Олардың қай-қайсысы да саяси сенімділігімен, тазалығымен, өз істерін жетік білетіндіктерімен ерекшеленген. Сол кездегі судьялар әзірлеген сот құжаттарының мәтіндері сауатты, бір қалыпты, әсем жазуларымен айырықшаланады. Бұл қызметкерлердің көбісі кейіннен құқық қорғау органдарына басшылық қызметтерге дайындалды.

Мысалы, 1924 жылдың қарашасынан 1927 жылдың қаңтарына дейін губерниялық соттың мүшесі болып қызмет атқарған Құлмағамбет Сұлтанұлы Бердалиев Ақтөбе өлкелік прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

ScannedImage-4

  К.Бердалиевтың өмірбаяны

Мұрағат құжаттарынан байқалғандай, Ақтөбе губерниясында білікті заңгерлердің жетіспеушілігі сезіледі.

1923 жылдың сәуір айында Орынбор қаласында РСФСР Әділет Халық комиссариаты ашылуымен байланысты сот қызметкерлерін оқыту проблемасы шешіле бастаған.

Өз ой-тұжырымдарын жазбаша түрде дұрыс бере алатын және партиялық қызметте немесе сот жұмысында бір жылдан кем емес уақыт болған адамдар, сондай-ақ халық соттары, халық тергеушілері арасынан губерниялық атқару комитеті бағыттауымен курстарға кандидаттар жіберіліп тұрды.

ScannedImage-39

 

1923 жылдың 23 наурызында Қазақ АССР Әділет Халық комиссариаты сот жұмысына әйелдерді тарту туралы қаулыға қол қойды. Оны орындау мақсатында губерниялық соттың судьялары болып Елена Романовна Тябина, Наталья Ивановна Кладнева тағайындалды. 

kлавдова Кладнева Наталья Ивановна , 22 жаста

                                    

    

1923 жылғы маңызды оқиғалардың бірі сот өндірісінде жергілікті тұрғындар тілінің енгізілуі және Ақтөбе губерниялық сотының қылмыстық бөлімінен сот өндірісінің қазақ тілінде жүруі бөлініп шығуы болды.

Бұл ретте ҚАССР Әділет Халық комиссариатына губерниялық сот төрағасы С. М. Бытконың жолдаған мынадай мазмұндағы есебін оқып көруге болады:

«Сіздің 1923 жылғы 16 маусымдағы №37 бұйрығыңызға сәйкес Ақтөбе губерниялық соты биылғы жылғы 13 шілдедегі қаулысымен Қырғыз (қазақ) бөлімшесін ұйымдастырды, оның құрамына губерниялық соттың барлық қырғыз  (қазақ) мүшелері, нақты айтқанда И. К. Темірбеков, Г. И. Құлымбетов, М. Н. Наренов, А. Б. Еспаев, И. В. Әлмұхамедов кірді. Іс өндірісін қырғыз тілінде бір қалыпты жүргізу мақсатында іс өндірісі мен сот өндірісінің орыс тіліндегі қолданыстағы формалары және процесс барысында жиі қолданылатын кейбір терминдер қырғыз (қазақ) тіліне аударылды, олар Сіздерден қырғыз (қазақ) тіліндегі шығарылған қажетті заңдар мен бұйрықтар келгенге дейін  уақытша басшылыққа алу үшін барлық учаскелер бойынша жіберілді. Қырғыз (қазақ) бөлімшесі қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігін мойындаса да, жеткілікті қаржы болмағандықтан, сіздер белгілеген шараларды өмірге енгізудің мүмкіндігіне ие бола алмай отыр. Темір, Шалқар, Ырғыз және Торғай уездерінде нақты жұмыстар жүргізу үшін бұл мәселе бойынша таяу күндері губерниялық сот мүшесі жедел түрде іссапарға жіберіледі, оған халық соттары мен тергеушілерге қазақ тілінде іс жүргізу бағытында нұсқау жасау тапсырылады».

Осылайша, 1923 жылы сот өндірісінде қазақ тілін енгізу бастау алды.

Ақтөбе губерниялық соты мен халық соттарының қызметі туралы статистикалық есептер мен баяндамалар Ақтөбе мемлекеттік мұрағаты қорынан табылды.

Тарихи құжаттар мәліметтеріне қарағанда, губерниялық сот Ақтөбе губерниялық атқару комитеті сайлап, Қазақ КСР Әділет Халық комиссариаты бекіткен төраға, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, губерниялық соттың 5 мүшесі, халық заседательдері құрамында жұмыс істеген.

Губерниялық сот сот басқармасы органы және халық соттарын сот қадағалау органы болып есептелген. Сондай-ақ бірінші инстанция ретінде губерниялық соттың жүргізуіне заңмен тиесілі неғұрлым күрделі және қоғамдық мәнді істерді қараумен шұғылданды, губерниялық атқару комитетіне халық соттарын сайлау үшін кандидатураларды ұсынды, губерниядағы нотариалдық кеңселердің жұмыстарына басшылық жасады.

Соттар мен тергеушілерді іріктеумен, нотариат, қорғаушылар коллегиясы қызметтерін қадағалаумен, сот органдарын мезгілінде қаржыландыру жайын назарда ұстаумен губерниялық соттың төрағасы тікелей өзі шұғылданды.

Сот органдарын оңтайлы орналастыру, губерниялық соттың өкілетті өкілдерін, халық соттары мен тергеушілерді тағайындау, орнын алмастыру, кері шақырып алу, халық соттары жұмысына басшылық жасау, тексеру жүргізу губерниялық соттың пленумы құзіретінде орналасты.

1923 жылы губерниялық соттың штатында 49 бірлік болды: онда бір төраға, екі орынбасар, 5 мүше, 5 жауапты хатшы, 1 нотариус, 1 бухгалтер, 2 сот орындаушы, 10 іс жүргізуші, т.б. адамдар жұмыс істеді.

Халық соттарында қаралатын істердің негізгі категориялары негізінен мүліктік қылмыстарды, оның ішінде мал ұрлау, азық-түлік салығы істерін қамтыды. Губерниялық сот бірінші инстанция бойынша негізінен Қылмыстық кодекстің 106, 114 баптарында қарастырылған лауазымдық қылмыстар туралы істерді қарады.

Халық соттары мен губерниялық соттар қараған істер бойынша жазаға тартылғандардың басым көпшілігі — кедей-шаруалар, қызметкерлер мен жұмысшылар, азық-түлік салығы істері бойынша — орта және ауқатты шаруалар, еңбек сессияларында — әкімшілік орындарды иеленушілер болды.

Кеңінен таралған жазалану ретінде бас бостандығынан айыру қолданылды, шартты түрде жазалау мейлінше сирек кездесті.

Жас балалар қылмысымен күрес мәселелері бойынша білі беру бөлімі жанынан жасы кәмелетке жетпегендер ісі бойынша комиссия ұйымдастырылды, мұнда 1923 жылға дейін 100 шамасындағы іс қаралды. Олардың негізін аштыққа байланысты азық-түлік өнімдерін ұрлау дерегі құрады. Балалар қамау орнына жіберілген жоқ, бірақ ата-аналарының немесе олардың орнын алмастырушы жақындарының ерекше қадағалауына тапсырылды.

Губерниялық соттың қылмыстық бөлімі 1923 жылы бірінші инстанция бойынша 10 іс қарады, 10 іс қысқартылды және 4 іс іздеу салумен байланысты тоқтатылды. Әр түрлі тергеу органдарына қосымша тексеру үшін 12 іс берілді, соттылық бойынша 6 іс жолданды. Барлығы 42 іс аяқталып, 5 іс аяқталмай қалды.

Азаматтық бөлімде 96 іс аяқталып, 196 іс қалды, одан 38 іс сот алымын төлегенге дейін тоқтатылды.

Губерниялық соттың кассациялық коллегиясында 82 іс қаралып, қатысушылардың келмеуінен 6 іс тоқтатылды, 30 іс қысқартылды, барлығы 118 іс аяқталып, 151 іс қалды.

Губерниялық сотта сот процесінің тәрбиелік ықпалын күшейту үшін көшпелі сессия жұмыс істеді, ол айыпкердің жұмыс орны немесе қылмыс жасалған жері бойынша іс қарады.

Сот істерін қарау барысындағы негізгі проблема Ақтөбе губерниясы жерінің ауқымдылығы болды: Ақтөбеден Торғай, Адай және Ырғыз уездеріне дейін 500 және 1000 верст құрайтын. Сондай-ақ сот шақыру қағаздарының уақытында тапсырылмауы, сот процестерінің бірнеше рет кейінге қалуы, тергеу бөлімінің қанағаттанғысыз жұмысы сол кездегі олқылықтар болатын.

Сол кезде жасалған баяндамада былай делінеді: «Жіберілетін шақыру қағаздарын тапсыру мейлінше ұқыпсыз жүргізілді, оның үстіне милиция органдары бұл шаруадан бойларын аулақ салды. Бұл мәселе бойынша губерниялық атқару комитетінде мәселе көтерілді, бірақ нәтиже шыға қойған жоқ. Тыңдауға тағайындалған барлық істерді тараптардың келмеуінен және шақыру қағазын тапсыру туралы мәліметтердің ұсынылмауынан кейінге қалдыруға және келесі тыңдауға жаңадан белгілеуге тура келеді, бұл жағдай әрбір іс бойынша бірнеше рет қайталануда. Бір сөзбен айтқанда, қағаз жүзіндегі қапылу орын алғанымен, іс ілгері жылжымай отыр».

Аталған тарихи кезеңде соттың тәуелсіздігі мәселесі актуалды күйінде қалды.

Ақтөбе губерниялық сотының төрағасы Н. А. Барановтың Ақтөбе губерниялық атқару комитеті мен РКП (б) губерниялық комитетіне 1923 жылғы 27 қазандағы жолдаған  №5198 хатында былай делінеді:

«Ақтөбе губерниялық сотының практикасында кейбір уездік атқару комитеттерінің Сот құрылымы туралы Ереженің 2 тарауы 12, 13 баптары және 5 тарауы 35 бабына керісінше сот қызметкерлерін тағайындау мен орын алмастыру туралы губерниялық соттың функциясына араласына жол беріліп отыр, бұл сот округының жалпы қызметіне нұқсан келтіреді, сондықтан да Ақтөбе губерниялық соты уездік атқару комиттеріне олардың бұл іске араласуына жол берілмейтіндігін атап көрсетулеріңізді сұрайды...».           

 1923 жылы құрылған губерниялық сот Қазақстанның сот жүйесін ұйымдастыруға және дамытуға, кадрлық жәнге қаржылық қамтуға, судьялардың дербестәігі мен тәуелсіздігі кепілдігін күшейтуге елеулі үлесін қосты.

АҚТӨБЕ ОКРУГТЫҚ СОТЫ

губ

  1930 жыл. Ақтөбе округтық сотының ғимараты

Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1928 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен Қазақ КСР-нің әкімшілік-аумақтық бөлінуіне өзгеріс енді және губерниялардың орнына округтан құрылды.

Ақтөбе округіне Ақбұлақ, Ақкемер, Ақтөбе, Алтықарасу, Ырғыз, Елек, Қарабұтақ, Мәртөк, Новоресей, Қобда, Мағаджанов, Новоалексеевка, Темір, Шалқар, Шыңғырлау аудандары кірді.

Әкімшілік-аумақтық реформа жасалуына байланысты губерниялық соттың функциясы Ақтөбе округтік сотына берілді, ал жұмыс істеп келе жатқан учаскелік халық соттары аудандық халық сотттары болып өзгерді.

Елді социалистік индустрияландыру кезеңінде округтің сот органдары қызметі социалистік құрылыстың жалпы міндеттерімен анықталды. Бұл кезең социалистік мемлекеттің жеңістерін қорғау бойынша социалистік заңдылықтар мен күшейтілген жұмыстарды өмірге қатаң түрде енгізу талаптары мен мейлінше әр түрлі формаларды қабылдаған таптық күрестің одан әрі шиеленісуімен ерекшеленді.

Кеңес соттарының кадрлық құрамы Кеңес өкіметіне жат және оны бұрмалайтын элементтерден тұрақты түрде тазартылып тұрды.

Ақтөбе округтің бөлімі коллегиясының 1929 жылғы 23 ақпандағы №5 хаттамасынан кассациялық коллегияның хатшысы Далатқазинаның «1918 жылы ақ бандыларға белсенді көмек көрсеткені үшін Кеңес үкіметі атқан 32 адамның бірі, бұрынғы диірмен кәсіпорнының кәсіпкер-капиталисі қызы» ретінде, округтік сот статисі Есқалиев «Қызыл армия қудалауынан қашқан Орскінің бұрынғы капиталисінің баласы» ретінде, Хабибуллин «Қылмыстық кодекстің 74 бабы бойынша бұзақылығы үшін жазасын өтеуге жататын бостандығынан айыруға үкім кесілгені үшін» жұмыстарынан босатылғанын білуге болады.

Елді индустрияландыру кезеңі Қазақстанның сот құрылымы саласында сот органдарының ұлғаюымен және сол арқылы соттың тұрғындарға, олардың құқықтарын күнделікті қорғауға жақындай түсуімен есте қалды. Бұл уақыттарда сот өндірісін қазақ тілінде жүргізетін халық соттары учаскелері көбейді, сот қызметіне қазақ ұлты өкілдері молынан тартылды.

Сот әділдігі қызметін жүзеге асыру үшін аудандық сотттар құрамы еңбекшілер депутаттары аудандық кеңестерінде сайланды.

Округтік сот құрылымы 5 бөлімшеден тұрды:

1. округтік соттың пленумы;

2. округтік соттың төралқасы;

3. қылмыстық-сот коллегиясы;

4. азаматтық-сот коллегиясы;

5. ұйымдық-нұсқаушылық бөлім (оған қаржы бөлімі, статистика, тексеру, кадрлар бойынша және шағымдар бойынша инспекторлар кіреді).

Ақтөбе округтік сотының алғашқы құрамы мыналардан тұрды: Кенжалиев Алпан, 1887 ж.т., сот төрағасы, Олейников Павел Тихонович, 1900 ж.т., төрағаның азаматтық істер бойынша орынбасары, Жауымбаев Қажығали, төрағаның қылмыстық істер бойынша орынбасары, Тябина Елена, Ступин Иван, округтік сот мүшелері, Н. Бекарыстанов, запастағы судья, Қазин Төремұрат, қылмыстық істер жөніндегі хатшы, Батыров Сәлім, азаматтық істер жөніндегі хатшы, Алманиязов Абдулла, аға хатшы, Марушенко, сот орындаушысы.

Ақтөбе округік сотының 1930 жылғы құрамы мынадай болды:

Ғазизов Махим Ғазизұлы, округтік сот төрағасы;

Олейников Павел Тихонович, төрағаның азаматтық істер бойынша орынбасары;

Нұрмұхамедов Омарғали, төрағаның қылмыстық істер бойынша орынбасары;

Бекарыстанов Ізтілеу Кәрімұлы, Салбаева Балжан, Дүйсенов Әбіл, Канупер Алексей, Булавкин Лука,  округтік сот мүшелері;

Қазин Төремұрат, запастағы судья;

Бекмұрзин Мұхтар, нотариус;

Мәмбетқұлов, сот орындаушысы;

Алманиязов Абдулла, аға хатшы;

Нөгербеков Тәпіш, қылмыстық-кассациялық коллегия хатшысы;

Алматов Әбдісамед, қылмыстық-кассациялық коллегия хатшысы;

Оразмұхамедов Оқап, азаматтық коллегия хатшысы.

Мұрағаттық мәліметтерге қарағанда, округтік сот болған уақыттарда Ақтөбе ауданының халық судьясы болып Әдия Шамғұнова қызмет істеген. Ол 1907 жылы туған, қызметкер отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшелігіне кандидати, әуелі тоғыз жылдық татар мектебін, сосын 2 жылдық Орта-Азия заң курсын бітірген. 

Ырғыз ауданында халық судьясы болып Төремұрат Қоқаманов қызмет істеді. Ол 1907 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, өлкелік кеңес партия мектебін бітірген. Екінші судья Серікжан Тәутенов 1896 жылы туған, кедей отбасынан шыққан, партия қатарында жоқ, екі кластық білімі болды.

Ақкемер ауданында халық судьялары болып мыналар қызмет істеді: Иван Григорьевич Жуков, 1903 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, партия қатарында жоқ, төр  кластық училищені бітірген; Константин Владимирович Порфирьев, 1898 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, селолық мектепті, заң курсын бітірген.

Мағаджанов ауданында халық судьясы болып Мырзабек Сейітов қызмет етті, 1896 жыл туған, шаруа отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшесі, Орта-Азия заң курсын бітірген. 

Новоресей ауданы халық судьясы болып Яков Васильевич Яшев еңбек етті, 1904 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшесі, теміржол училищесін бітірген, арнаулы заңгерлік білімі болған жоқ.

Қобда аудандық халық судьясы болып Әби Дүйсенов қызмет етті, 1895 жылы туған, қызметкер отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшесі, орыс-қырғыз училищесін бітірген, бұрын халық тергеушісі, милиция хатшысы, прокуратураның құпия бөлімінің хатшысы болған; келесі судья Шекмұхамедов Жұрмұхамед Ізмұхамбетұлы, 1900 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, селолық мектепті бітірген, ВКП (б) мүшесі.

Ақтөбе ауданы бойынша Қызыл үй жанындағы жылжымалы камераның халық судьясы Оспан Мәмбетқұлов болды, 1888 жылы туған, кедей отбасынан шыққан, орыс-қырғыз училищесін бітірген.

Ақбұлақ ауданы халық судьясы болып Анна Пьянкова еңбек етті, 1904 жылы туған, қызметкер, ВКП (б) мүшесі, жеті жылдық мектепті бітірген; Василий Иванович Герасимчук, 1899 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшесі, далалық екі кластық училищені бітірген.

Қарабұтақ ауданы халық судьясы болып Нұрлыбек Тілегенов еңбек етті.

Мәртөк ауданында халық судьясы болып еңбек еткендер: Ефим Степанович Филиппов, 1902 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, аяқталмаған 7 кластық орта білімі бар; Николай Акимович Данилов, 1902 жылы туған, жұмысшы табынан шыққан, үш кластық білімі бар, ВКП (б) мүшесі.

Шыңғырлау ауданы халық судьясы болып Хасен Қожаұлы Қаратаев еңбек етті, 1896 жылы туған, кедей отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшесі, білімі төмен.

Қосестек ауданы халық судьясы болып Рахым Әбдірахимов еңбек етті, 1901 жыл туған, қызметкерлер отбасынан, ВКП (б) мүшелігіне кандидат, білімі төмен.

Ақтөбе қаласы №16 сот учаскесінің халық судьясы болып Федор Петрович Васильев еңбек етті, 1905 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшелігіне кандидат.

Ақтөбе қаласы №1 сот учаскесінің халық судьясы болып Нармағамбет Сүтемерұлы Шамғұнов еңбек етті, 1904 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшелігіне кандидат.

Ақтөбе қаласы №4 сот учаскесінің халық судьясы болып Әсима Ерғожақызы Сұлтанғалиева еңбек етті, 1904 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, білімі төмен.

Шалқар ауданы халық судьясы болып Ізтілеу Кәрімұлы Бекарыстанов еңбек етті, 1900 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, ВКП (б) мүшесі, білімі төмен.

Темір ауданында халық судьясы болып К. Нұрпейісов, Амут Ахметов еңбек етті. Судья Темірғали Қожабергенов, 1905 жылы туған, кедей отбасынан шыққан, Орта-Азия заң курсын бітірген. 

Ойыл ауданы халық судьясы болып Орал Жұбаев еңбек етті, 1902 жылы туған, кедей отбасынан шыққан, партия қатарында жоқ.

Табын ауданы халық судьясы болып Әжібай Байтоқов еңбек етті, 1897 жылы туған, кедей отбасынан шыққан, 3-айлық заң курсын бітірген, ВКП (б) мүшесі.

Елек ауданында халық судьясы болып Бисембай Хабиев еңбек етті, 1905 жылы туған, шаруа отбасынан шыққан, Орта-Азия заң курсын бітірген.

Округтік соттың төрағасы М. Ғазизовтың есебіне сәйкес, 1930 жылға қарай округтік соттың 4 судьясы, 8 халық судьясы жергілікті ұлт өкілдерінен, округтік соттың 2 судьясы және 17 халық судьясы — еуропалық ұлт өкілдерінен, олардың 28-і ер адам, 3-і әйел, 17 ВКП (б) мүшесі, 14-і партия қатарында жоқ.

Округтік соттың бірінші төрағасы А. Кенжалиевтің баяндамасынан сотта негізінен кедейлердің еңбек құқықтарын қалпына келтіру туралы азаматтық істер қаралған. Аталған істерді қарау мерзімі қысқартылған деп табылып, сотқа түскен сәтиінен бастап жеті күн құраған.

1928 жылғы 1 қазанға есептегенде 129 азаматтық-еңбек істері қараусыз қалған, жарты жыл ішінде 315 іс түскен, 315 іс қаралып, 1929 жылдың 1 сәуіріне 169 іс қалған.

Соттарда қаралатын қылмыстық істердің негізгі категориясын мемлекетке артық асты тапсыру туралы қаулыны орындамау болып табылады. Елек ауданындағы өкілетті өкіл Арынғазиевке Орынбор округінен келген кулактар Баранниковтердің азамат Жұмашевтың үйіне артық астықтарын жасырғаны туралы хабар келіп түседі. Комиссия тексеру жүргізген кезде 15 қап бидай, 28 қап ұн табылады. Елек аудандық соты істі қарап, Баранниковтерді малының бір бөлегін тәркілеумен алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады, ал Жұмашевты оларға көмектескені үшін мәжбүрлі жұмысқа салады.  

Астықты жасырып, 150 пұт мөлшеріндегі артық өнімдерін тапсырмағаны үшін Ж. Құлмағамбетов, И. Күзембаев, Н. Нұрмұхамбетов, И. Алмағамбетов сот алдында жауапқа тартылды. Олардың қарауындағы малдары тәркіленіп, әр түрлі мөлшерге жазаға кесілді.

Округтік сот қызмет еткен жылдар — бұл сот жүйесінің одан әрі қалыптасу және даму кезеңі, әрбір азаматтың мүдделерін сенімді қорғау және қамтамасыз ету, заңдылықты бекітудің қиын уақыты болды.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

 

1930 жылы 17 желтоқсанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылғы 23 шілдедегі қаулысы негізінде округтік бөліну жойылды.

Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитеті 1932 жылдың қаңтар айында Қазақстанда облыстар құру қажет деп шешті. Бұл аудандарды одан әрі нығайту, шаруашылық және мәдени құрылысқа басшылықты жақсарту, республиканың экономикасын табысты дамыту үшін қажетті шарттар жасау үшін ерекше маңызды болды.

1932 жылы 20 ақпанда құрамында 28 ауданы бар Ақтөбе облысы құрылды.

Ақтөбе облыстық соты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Әділет халық комиссариатының 1932 жылғы 12 наурыздағы бұйрығымен құрылды.

Облыстық сот бұрын жұмыс істеген округтік соттың қызметтерін өзіне қабылдады.

Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті мен  Әділет халық комиссариаты директиваларында атап көрсетілгендей, облыстық соттың негізгі және басты міндеттері социалистік құрылыс жетістіктерін қорғау және революциялық заңдылықтарды нығайту болды.

Сот әділдігі қызметін жүзеге асыру үшін облыстық соттың құрамын еңбекшілердің халық депутаттары облыстық кеңесі 5 жыл мерзімге сайлады және ол төрағадан, оның екі орынбасарынан, мүшелерінен және халық заседательдерінен тұрды.

Облыстық соттың құрамы 1932 жылы 4 бөлімшеден тұрды, олар:

- облыстық соттың төралқасы;

- қылмыстық-сот коллегиясы;

- азаматтық-сот коллегиясы;

- ұйымдық-нұсқаушылық бөлім (оған қаржы бөлімі, статистика, кадрлар бойынша және шағымдар бойынша инспекторлар кіреді).

Төралқаға мына қызметтерді жүзеге асыру жүктелді:

- соттардың қызметіне басшылық және бақылау жасау;

- адвокатура мен заң кеңесінің қызметтеріне жалпы басшылық;

- нотариалдық кеңселерді ұйымдастыру және олардың қызметіне басшылық жасау;

- сот шешімдерін орындау бойынша сот орындаушыларының қызметін тексеру;

- заңды күшіне енген үкімдер мен шешімдерге облыстық сот төрағасы мен облыс прокурорының наразылықтары бойынша іс қарау.

Төралқа төрағадан, оның екі орынбасарынан және нұсқау бөлімінің меңгерушісінен тұрды.

Қылмыстық-сот коллегиясына мыналар жүктелді:

- бірінші инстанция бойынша мемлекеттік басқаруға қарсы ерекше қауіпті қылмыстар туралы, социалистік меншікті ұрлау туралы, ерекше маңызды лауазымдық және шаруашылық қылмыстар және социалистік Отан мен социалистік меншікті қорғау бойынша азаматтардың құқықтарын бұзу туралы істерді қарау;

- екінші инстанция бойынша прокурордың наразылығы бойынша және жазаланғандардың шағымдары бойынша түскен, халық соттары қараған барлық қылмыстық істер.

Азаматтық-сот коллегиясына мыналар жүктелді:

- 10 000 рубльден асатын сомаға мемлекет пен қоғамдық мекемелер, кәсіпорындар мен  ұйымдар арасындағы даулар бойынша бірінші инстанция бойынша азаматтық істерді қарау;

- халық соттары қараған және наразылықтар мен кассациялық шағымдар бойынша түскен мемлекет пен қоғамдық мекемелер, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар арасындағы даулар бойынша барлық істер — екінші инстанция бойынша азаматтық істерді қарау.

Облыстық сот 1938 жылға дейін Қазақ КСР Әділет халық комиссариатына сот әділдігін және сот басқаруы ісін ұйымдастыру мәселелерінде бағынған сот жүйесінің орта буыны болып табылды.

Сот әділдігі өзіндік ерекшелігі бар мемлекеттік қызмет ретінде тек қана заңға бағыну және соттардың тәуелсіздігі негізінде жүзеге асырылды.

Облыстық сотқа оның Ақтөбе аумағында ұйымдастырылған сәтінен бастап мына қалалық және аудандық халық соттары бағынды: Ақтөбе, Ақбұлақ, Арал, Адамау, Батпаққара, Жұрын, Жетіқара, Денисов, Ырғыз, Қарабұтақ, Қостанай, Ключевой, Мәртөк, Меңдіғара, Новоресей, Родников, Семиозерный, Степной, Табын, Темір, Торғай, Федоров, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандары.

1936 жылы қазан айында Қостанай және Қызылорда облыстары ұйымдастырылуына байланысты оларға 11 аудан берілді.

Өткен 80 жыл ішінде Ақтөбе облыстық сотын жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар, өз ісіне берілген үздік заңгерлер басқарды.

Ақтөбе облыстық сотының бірінші төрағасы Қалау Құлшаров болды.

Қалау Құлшаров — 1896 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 1924 жылдың ақпаны – 1928 жылдың шілдесі аралығында — Орал губерниялық сотының мүшесі және төрағаның орынбасары, 1926 жылдың тамызы – 1930 жылдың сәуірі — Гурьев округтік сотының төрағасы, 1930 жылдың маусым-желтоқсаны — Қазақ КСР Әділет халық комиссариаты инспекторы, 1931 жылғы қаңтар – 1932 жылғы наурыз — Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі, 1932 жылғы наурыз – 1933 жылғы қазан — Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қайтыс болғаннан кейін ақталды.   

Қалалық және облыстық соттар 1925-1980 жылдары  қалыптасты. Ақтөбе қалалық, Ырғыз, Темір, Қобда, Шалқар аудандық соттары 1926 жылы құрылды.

Ключевой, Ленский соттары 1933 жылы құрылған.

Жоңғар, Қарабұтақ, Мартук, Новоресей аудандық соттары 1933 жылы құрылған, 1938 жылы Родниковка, Байғанин аудандық соттары қалыптасты.

           Кириенко Иван Яковлевич, 1894 жылы Харьков облысының Михайлов ауылында дүниеге келген.  1921 жылы Орал уезінің №8 учаскесінің халық судьясы, 1922-1923 жылдары –ревтрибуналдың Әскери бөлімінің төрағасы, 1923-1926 жылдары –Орал губерниялық сотының төрағасының орынбасары, 1927-1929 жылдары Қостанай  аймақтық соты төрағасының  орынбасары, 1932-1933 жылдары Ақтөбе  облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1933-1936 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, 1936-1937 жылдары Батыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 

          Дәулетов Меңдияр Сарыұлы, 1892 жылы Батыс-Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы №1 ауылында дүниеге келген. 1937 жылдың тамыз айынан-1944 жылдың қыркүйек айына дейін –Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

          Жайлыбаев Шәшім, 1901 жылы Семей облысы Қарқаралы уезінің №6 ауылында дүниеге келген.  1931-1932 жылдары Қарағанды облыстық сотының мүшесі, 1934-1936 жылдары Алматы облыстық сотының мүшесі,  1942-1943 жылдары – Ақтөбе облысы Жұрын аудандық сотының халық судьясы, 1943-1944 жылдары –Ақтөбе облыстық соты төрағасының орынбасары,  1944 жылдың қыркүйек айынан 1953 жылдары –Ақтөбе облыстық сотының төрағасы. 

        Ақпамбетов Мақпалбай Қожахметұлы, 1920 жылы Қызыл-Орда облысының Арал ауданы Қамбаш ауылында дүниеге келген.  1949-1953 жылдары –Ақтөбе облыстық соты төрағасының қылмыстық істер бойынша орынбасары, 1953 жылдың наурыз айынан 1956 жылға дейін –Ақтөбе облыстық сотының төрағасы. 

         Сақыпов Қарақойшы Сақыпұлы, 1916 жылы 15 қыркүйекте Орал облысының Жамбейті ауданының Жусалы ауылында дүниеге келген. 1944 жылдың маусым айынан-1946 жылдың мамыр айына дейін  Батыс-Қазақстан облыстық сотының мүшесі, 1946 жылдың маусым айынан-1951 жылдың желтоқсан айына дейін –Батыс-Қазақстан облысының Әділет басқармасының бастығы, 1952 жылдың қаңтар айынан 1954 жылдың шілде айына дейін Қазақ ССР Жоғарғы Сотының мүшесі, 1954 жылдың тамыз айынан 1956 жылдың қыркүйек айына дейін –Шығыс-Қазақстан облысының әділет басқармасының бастығы, 1956 жылдың қазан айынан -1980 жылдың наурыз айына дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.  Ұлы Отан соғысына қатысқан, Октябрь революция орденімен,  ерен еңбегі, тың игеру үшін медальдармен және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. 

          Тұрмағамбетов Аманғали Тұрмағамбетұлы , 1933 жылы 20 мамырда Ақтөбе облысының Шалқар ауданының №9 ауылында дүниеге келген.  1959-1973 жылдары Батыс-Қазақстан облысының аймақты және Ақтөбе облыстық сотының мүшесі, 1973-1974 жылдары –Ақтөбе қалалық халық сотының төрағасы, 1974-1980 жылдары – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Пролетар аудандық халық сотының төрағасы, 1980-1986 жылдары –Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, 1986-1988 жылдары – Ақтөбе қаласы Пролетар аудандық халық сотының судьясы, 1988-1996 жылдары-Ақтөбе қалалық сотының судьясы, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» үкіметтік наградаларымен және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сот саласындағы көп жылдық еңбегі үшін құрмет грамоталармен  марапатталған. 

         

          Кейкин Қойшы Салықұлы, 1932 жылы 15 наурызда Гурьев облысының Қызыл-Қоға ауданының Қаттыкөл ауылында дүниеге келген.  1955-1957 жылдары-Гурьев облыстық сотының мүшесі, 1957-1965 жылдары-Балықшы аудандық халық сотының халық судьясы, 1965-1978 жылдары-Гурьев қалалық халық сотының төрағасы, 1978-1986 жылдары-Торғай облыстық сотының төрағасы, 1986-1995 жылдары-Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, 1998-2003 жылдары –Ақтөбе облысының сот орындаушылары Департаментінің директоры.  «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері» құрметті атағына иегер.  «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен  марапатталған. 

           Әміров Иран Әмірұлы, 1944 жылы 15 қыркүйекте Қызыл-Орда облысының Жалағаш ауданының Қара-Кеткен бекетінде дүниеге келген.  1970-1973 жылдары –Ақтөбе қалалық сотының халық судьясы, 1973-1975 жылдары-Ақтөбе қаласының Фрунзе аудандық халық сотының судьясы, 1975-1980 жылдары  Ақтөбе облысы Октябрь аудандық халық сотының халық судьясы, 1980-1982 жылдары Ақтөбе облысы Октябрь аудандық халық сотының төрағасы, 1982-1991 жылдары Ақтөбе облысы Алға аудандық халық сотының төрағасы,  1991-1995 жылдары Ақтөбе қалалық сотының төрағасы, 1995-2004 жылдары-Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, Қазақ ССР және СССР Әділет Министрлігімен бірнеше мәрте марапатталып, «Қазақ ССР еңбек сіңірген заңгері», «Құрметті судья» құрметті атағына иегер, «Құрмет» төсбелгісімен, ҚР Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық белгілерімен  марапатталған. 2004 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Парламенінің сенаторы. 

           Қосаев Еркін Нұрқасымұлы, 1961 жылы 9 қарашада Талдықорған облысының Ақсу ауданы, Ақсу  ауылында дүниеге келген. 1994-1997 жылдары-Алматы облыстық сотының судьясы, 1997-2002 жылдары-Алматы облыстық сотының қылмыстық алқа төрағасы, 2002-2005 жылдары-Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы, 2005-2006 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы. 

         

            Есжанов Мұхтар Есіркепұлы, 1961 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік-Қазақстан облысы, Отырар ауданының, Маяқұм ауылында дүниеге келген.  1987-1989 жылдары-Маңғыстау облысының Жаңаөзен халық сотының халық судьясы,  1996-2002 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2002-2006 жылдары Қызыл-Орда облыстық сотының төрағасы, 2006-2007 жылдары Ақтөбе облыстық сотының  төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты

              Бекназаров Бектас Әбдіханұлы –1956 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. 1984-1990 жылдары- Жамбыл облысы Жуалы аудандық халықтық сотының судьясы, 1990-1997 жылдары- Жамбыл облыстық сотының мүшесі, облыстық соты төрағасының орынбасары,  1997 жылы- Жезқазған облыстық сотының төрағасы,  1997-2000 жылдары- Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2000 жылы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, 2000-2002 жылдары- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы, 2002-2006 жылдары- Атырау облыстық сотының төрағасы, 2006-2009 жылдары- Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы, 2009-2011 жылдары - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының №866 қаулысымен 2011 жылдың 15 сәуірінен бастап Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып сайланды.

              Сот жүйесіндегі ұзақ жылғы және ыждаһатты еңбегі мемлекеттік награда және құрмет грамоталарымен бағаланған. «Қазақстан Конституциясына он жыл», «Астананың он жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсідігіне 20 жыл» медальдарымен, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері», «Үш би» құрмет белгісімен, сондай-ақ «Қайырымдылық үшін «САУАП»» медалімен және «Парасат» орденімен марапатталған. Заң ғылымының кандитаты.

 

              Айтжанов Ерлан Жұмаханұлы,  1964 жылы 29 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994-1995 жылдары Алматы қалалық арбитраж сотының судьясы, 1995-200 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 2000-2002 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының төрағасы,    2002-2008 жылдары  Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы. 2008-2010 жылдары  Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы.  2010-2011 жылдары  Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы,   2011 жылдың 9 маусымынан бастап-Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

           Мұратғали Абрарұлы Әкетай 1969 жылдың 9 шілдесінде дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақстан Мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады.

Заң мамандығы бойынша өз еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласының әділет басқармасының бас маманы, бастықтың орынбасары, заңды тұлғаларды тіркейтін бөлім бастығы лауазымдарынан бастады.  

1998-2011 жылдары аралығында Алматы қаласының әділет басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 9 шілдедегі Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 13 желтоқсандағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындалды.2009-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметінде істеген, аға әділет кеңесшісі шені бар. 2012 жылдың 2 шілдесінен 2013 жылдың желтоқсан айына дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы  қызметін атқарған.Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 710  Жарлығымен  Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 маусымдағы №283 Жарлығымен  Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

 

 

Абдолла Сәкен Жүсіпахметұлы  1964 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келді. 1986 жылы  С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2003 жылы Әл-Фараби қазақ ұлттық университетін тәмамдады. Өз еңбек жоллы  1986 -1992 ж.ж. прокуратура  органдарында қызмет етуден бастаған. 1992-1993 ж.ж. - Шымкент облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, 1993-1996 ж.ж. - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, 1996-2002 ж.ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы  Әділет басқармасының бастығы, 2002-2003 ж.ж. - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығы» ММ директоры, 2003-2004 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, 2004-2007 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, 2007-2011 ж.ж. - Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, 2011-2013 ж.ж - Астана қалалық сотының төрағасы, 2013- 2018 ж.ж. -  Қазақстан Республикасы  Әскери сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2018 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Президентінің № 811 Жарлығымен Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.