Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Жоғарғы Соты қызметінің басым бағыттарының бірі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде дербес құрылымдық бөлімше    Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды.

Осындай құрылымдық бөлімшелер облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселерінде құрылды. Аумақтық бөлімдердің қызметін үйлестіру және олардың алдындағы міндеттерді анықтау ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөліміне жүктелді.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері ІҚБ-мен белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді.

Мәселен, сыбайлас жемқорлық элементтеріне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері туындаған кезде азаматтардың жүгінуіне мүмкіндік беру мақсатында, аумақтық бөлім бастықтарының азаматтарды күнделікті қабылдауын жүргізу механизмін әзірлеп, іске асырды.

Бұдан басқа, судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, бөлім «сенім телефоны» (Call-центр) бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде ден қою, судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша жағдайларды қамтиды.

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесінің қызметкерлерімен, сондай-ақ жұртшылықпен жұмыс істеуді көздейтін Сот жүйесі органдарының имидждік саясатының тұжырымдамасын іске асыру жоспарын әзірледі.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоспарлы түрде алдын алуды және мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлықтық деңгейін бағалау кезіндегі нольдік көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етеді.