Сот жүйесіндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығын іске асыру шеңберінде Сот жүйесіндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.

Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы         іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық, ұйымдастыру және өзге де тетіктерін әзірлеу және енгізу тиімді сот қызметінің қажетті элементтері болып табылады.

Сот жүйесіндегі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясын іске асыру 2015-2017 жылдар кезеңінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады, негізгі басымды бағыттары мыналар болып табылады:

- судья кадрларын іріктеу және даярлау, судья кандидаттарына талаптарды қатаңдату;

- тиімді және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдың басты шарты ретінде сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайту;

- заңнаманы одан әрі жетілдіру;

- сот процестерінің қатысушылары арасында өтетін мерзімді әлеуметтік  зерттеу тиімділігін және ашықтығын арттыру;

         - заманауи ақпараттық технологиялардың пайдалану дәрежесін кеңейту;

- соттарда сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты нығайту;

- сот жұмысының айқындығын арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;

- қабылданып жатқан алдын алудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларының  тиімділігін  арттыру;

 

I. Жоспар мақсаттары және міндеттері

Жоспар мақсаттары: сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиімділігін арттыру, соттарда кез келген сыбайлас жемқорлық көрінісіне  «нөлдік» төзімділік ахуалын жасау арқылы судьялар корпусының және сот жүйесі қызметкерлерінің барлық құрамын, сондай-ақ қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күреске тартуға көмектесу.

Жоспардың мақсатты көрсеткіштері:

- сот төрелігінің жүзеге асыру;

- сот жүйесі қызметкерлерінің халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

- қоғамның сот жүйесіне сенім білдіруі;

- елдің мәртебесін халықаралық қоғамдастықта арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «Transparency International» Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде Қазақстан рейтингін жақсартуға көмек көрсету.

Жоспар міндеттері:

- соттардағы сыбайлас жемқорлық көрінісіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды  анықтау;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;

- сыбайлас жемқорлықтың мүмкін болуына қарсы іс-қимыл жасайтын тетіктерді әзірлеу мен енгізу;

- сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің тәуекел мүмкіндігін азайту;

- судья корпусы, сот жүйесінің қызметкерлері және қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениет  деңгейін  қалыптастыру.

 

II. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізгі қағидалары

Жоспар келесі негізгі қағидаларды сақтау қажеттілігінде жасалды:

- жүйелілік қағидасында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін  анықтанумен  ғана шектелмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің және тәртіптің қалыптасуына, қоғамдық бақылаудың күшеюіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық  туғызатын себептер мен жағдайларды  жоюға негізгі назарды салу қажет.

- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заң және сот алдында барлығының теңдік қағидасында. Заңның мүлтіксіз сақталуы биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарты болып табылады.

- сот жүйесінің айқындығы және ашықтығы қағидасында. Азаматтар және ұйымдар заң тұрғысында тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен ақпаратты еркін алуға құқылы, ал соттар заңға сәйкес осы ақпаратты беруге міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті және қолайлы  болуы тиіс.

 

I. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

 

Судьялардың VI съезінің шешімдерін іске асыру шеңберінде Мемлекет Басшысы судьялыққа кандидаттарды конкурстық іріктеуді жетілдіруді қоса алғанда, сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған екі заң әзірленді және оларға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оған теңестірілген соттар жанында жалпы отырыстардың төралқалары құрылған, оларға жедел және ұйымдастыру мәселелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәселелерді шешу бойынша функциялар жүктелген.

Кадрларды сапалы іріктеу мақсатында заңды тұрғыда судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезінде ашықтылық және тәуелсіздік деңгейін арттыруға да бағытталған Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы бекітілген.

Облыстық және оған теңестірілген соттарда судьялар әдебі жөніндегі комиссия жұмыс істейді, оның мақсаты судьялар қауымдастығының судьяларымен әдеп нормаларын сақтауына, қоғамның құқық бұзушылық туралы өтініштеріне уақтылы әрекет етуіне бақылау жасау болып табылады. Комиссии іс-әрекетінің мәні Судья әдебі кодексінде көзделген барлық судьялардың моральдық-әдептілік норманы сақтауы болып табылады.

Республика судьяларының Судья әдебі кодексін сақтау бойынша әдістемелік және ұйымдастыру түрде басшылыққа алуы Сот қазылар алқасымен  жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі (бұдан әрі – ІҚжСҚБ) құрылған.

ІҚжСҚБ негізгі қызметі сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу, судьларға және сот жүйесінің қызметкерлеріне қатысты болуы мүмкін арандатушылық әрекеттердің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық танытуды қалыптастыру арқылы беделін көтеру болып табылады. Функционалдық түрде Бөлім сот жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының орындалуын, соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша іс-әрекетті үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді.

Жоспарды іске асыру барлық судьялар  корпусының және сот жүйесі тұлғаларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі белсенді көзқарастарына байланысты.

 

Пікірлер мен ұсыныстар