Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Құрметті оқырмандар!
Ақтөбе облыстық соты төрағасының ресми блогына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының судьяларының VII съезінде Елбасы атап өткендей, қазіргі кезде Қазақстан соттары келесі негізгі міндеттерге жауап береді: біріншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот осы міндетті атқаруда басты рөл атқарады. Екіншіден, судьялардың жауапкершілігін арттыру, бірақ бұл олардың тәуелсіздігіне қол сұғу дегенді білдірмейді.Үшіншісі - әділ сот органдарының құрылуы, төртіншісі - сот ісін жүргізу тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз ету, ал бесінші - құқықтық тәрбие мәселесі, азаматтардың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларының санын айтарлықтай азайтуға болады. 
2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: өмір сүру сапасын арттыру және өмір сапасы» атты Жолдауымен соттардың алдына халықтың соттарға сенімін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету сияқты тапсырмалар қойылды. Бұл басты міндеттер әр судьяға қатысты, себебі адамдардың құқықтарын, бизнесті қорғау, инвестициялық ахуалды жақсарту - бүкіл сот жүйесінің міндеті. Біз өз тарапымыздан  Ақтөбе облысында соттарға деген жоғары сенімді  қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдаймыз.
Заманауи ақпараттық технологияларды енгізумен Қазақстанның сот төрелігінің барлық құрылымдарының қызметі айқын болды. Ақтөбе облысының соттарында әрбір судьяның және сот қызметкерінің сапалы жұмысы үшін барлық жағдай жасалған. 
Сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және айқындылығын арттыру, облыстық соттың жұмыс нәтижелерін жұртшылыққа толық және уақытылы хабарлау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді әрекеттесу үшін бұл ресми web-сайт ғаламторда  іске қосылды. 
Тез арада сот жүйесіндегі барлық жаңалықтарды біліп, қажетті ақпаратты ала аласыз, сондай-ақ облыстық сот төрағасының блогы арқылы Ақтөбе облыстық сотының төрағасына өздеріңізді қызықтырған сұрақтаға жауап алуға мүмкіншілігіңіз бар.
 
Ақтөбе облыстық сотының төрағасы С.Абдолла