Қорыту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалған кәсіпкерлікке байланысты қылмыстық   істер бойынша сот тәжірибесіне

Қ О Р Ы Т У

(16.07.1997 ж. редакциядағы ҚР ҚК-нің 192 бабы,

03.07.2014 ж редакцияда ҚР ҚК-нің 215 бабы)

Қорыту жалған кәсіпкерлікке байланысты қылмыстық істер бойынша өзекті мәселелерді айқындап, осы санаттағы істерді қарау кезінде туындайтын мәселерді анықтау,біркелкі сот тәжірибесін жасақтау мақсатында жасалды.

Аталған санаттағы істерді қарау барысында ҚР ҚК, ҚПК және ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №1 «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қалданудың кейбір мәселелері туралы»нормативтік қаулысы басшылыққа алынды.

Бұдан басқа, аталмыш санаттағы істерді қарау барысында жалған кәсіпкерліктің әр контрагентіне қатысты тауарлардың, жұмыстардың қызмет көрсетулердің шын мәнінде өткізілгенін жәнеақысы төленгеніне қатысты мән – жайларды анықтау қажет, соңдықтан 28.08.2009 жылғы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға /жылыстатуға/ және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын және 23.11.2012 жылғы №1484 «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерий белгілерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысын білу және қолдану қажет. 

Бұл қылмыстық істердің мәні нысаны бойынша заңды, бірақ қызметінің мазмұны бойынша көпе-көрінеу жалған болып танылатын жеке кәсіпкерлік субъектісін құру болып табылады.

Қылмыстық объектісі болып заңға негізделген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қалыптасатын қоғамдық қатынастар болып табылады.

         Қылмыстық істің объективті жағы:

1.    Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз кәсіпкерлік субъектісін құру;

2.    Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, олардың шешімін анықтауға құқық беретін басқа заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлесін, пайын) сатып алу;

3.    Сатып алынған заңды тұлғаға басшылық жасау болып табылады.

         Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес жеке кәсіпкерліктің субъектісі болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар танылады. Жеке кәсіпкерлік деп жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекелге бара отырып, өздерінің мүліктік жауапкершілігі аясында табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектісінің жеке мүлкіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектісінің ынталы іс-қызметі танылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектісі ресми түрде құрылды деп, заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап саналады. Дегенмен, көп жағдайларда оның құрылтайшыларының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы ниеті болмайды, ол осы қылмыстық әрекеттің құрамын қалыптастырады.

Қылмыс құрамы-материалды, яғни аталмыш бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту егер азаматқа, мекемеге немесе мемлекетке ірі залал келтірілген жағдайда жүзеге асырылады.

ҚР ҚК-нің 215 бабы бойынша ҚР ҚК-нің 3 бабының 38 тармағында көрсетілгендей,  егер азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын  сомадағы, не мекеме немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомада келтірілген залал ірі деп есептеледі.

Сонымен қатар, заңсыз несиелер алу, салық төлеуден жалтару, тыйым салынған қызметті жасыру, өзге де мүліктік пайда алу немесе осындай әрекеттердің жасалауына жәрдемдесу болып табылады.

Қылмыс субъектісі болып он алты жасқа толған тұлға саналады. және ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №1 «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына сәйкес коммерциялық ұғымның қатысушылары, сонымен қатар басшы, ұйымның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтыныннемесе тыйым салынған қызметпен айналысатынын білетін және оған келісім берген өзге де тұлғалар жалған кәсіпкерліктің субъектісі  болуы мүмкін.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалады. ҚР ҚК-нің 215 бабының 2 бөлігі дәл сондай әрекеттер:

1. Бірнеше рет жасалынса;

2. Алдын-ала сөз байласқан топпен жасалынса;

3. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам, не оған теңестірілген адам, немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлға, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасалынса;

4. Басқа жеке тұлғаның құжаттарын келісімін алмай пайдаланумен, болмаса жалған құжаттарды пайдаланумен жүзеге асырылғаны үшін  жауапкершілік көзделген.

Осы баптың үшінші бөлігінде бірінші және екінші бөлімімен қарастырылған қылмыстық топпен жасалынған немесе аса ірі көлемде залал әкелген әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік көзделген.

ҚР ҚК-нің 3 бабының 3 тармағына сәйкес, аталмыш бапқа қатысты қылмыстық істер бойынша аса ірі мөлшер болып - азаматқа айлық есептік көрсеткіштен 5000 есе артық, не мекеме немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен 50 000 есе артық залал келтірген жағда         йда саналады.

2014 жылы республика соттарына жалған кәсіпкерлікке байланысты 27 қылмыстық іс келіп түскен. /Ақмола-6, Шығыс Қазақстан -1, Батыс Қазақстан-4, Оңтүстік Қазақстан -1, Алматы қаласы -6, Атырау облысы -2, Қостанай облысы-1, Қызылорда облысы-2, Солтүстік Қазақстан облысы-2, Ақтөбе облысы -1, Жамбыл облысы -1./

Аталмыш істер бойынша 12 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған, 4 іс қысқартылған және 5 іс қосымша тергеуге жолданған.

2015 жылы республика соттарында жалған кәсіпкерлікке байланысты 7 қылмыстық іс қаралған /Қызылорда облысы-1, Ақтөбе облысы -1, Астана қаласы -1, Алматы қаласы -2, Алматы облысы -2/. Олардың ішінде, 3 іс бойынша үкім шығарылса, 1 іс соттылығы бойынша қаралуға жолданды, 2 қылмыстық іс прокурорға қайтарылған.

Келтіріген мәліметтер аталмыш санаттағы істердің азайып келе жатқанын көрсетеді.

2015 жылы соттарға жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық әрекеттері 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған қылмыстық істер түсуде.

Сондықтан, жалған кәсіпкерлік бойынша жауапкершілік көзделген баптың редакциясы елеулі өзгерістерге ұшырады. 16.07.1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК-нің 192 бабына сәйкес жалған кәсіпкерлік  жасағаны үшін жауапкершілік егер жасалған барлық мәмілелер заңсыз болса және азаматқа, мекеме немесе мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірілген жағдайда ғана  көзделген болатын, ал ҚР ҚК-нің жаңа редакциясында 215 бап бойынша мұндай шарттар көзделмеген.

Тұлғаны 01 қаңтар 2015 жылға дейін жалған кәсіпкерлікжасағаны  үшін айыптау кезінде ҚР ҚПК-нің 24 бабына сәйкес және ҚР ЖС-нің «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолдану ерекшеліктері туралы»нормативтік қаулысының 17 тармағына сәйкес, қылмыстық ізге түсу органдары барлық контрагенттердің және тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтерді өткізу, әр контрагентеріне қатысты төлемдері бойынша істің мән-жайларын анықтау қажет.

Аталмыш талаптарды орындау жалған кәсіпкерлік үшін жауапкершілікке тартудың негізгі проблемаларына –қылмыстық ізге түсу шекарасына жалған кәсіпкерліктің адал контрагенттерін тарту болып табылады.

Жалған кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық істерді талдау барысында қылмыстық ізге түсу органдарымен заң талаптарының толық сақталмайтыны анықталды.Яғни қылмыстық ізге түсу органдары айып тағу кезінде тек қана тұлғамен белгілі бір коммерциялық ұйымды құру, ұйым шоттарына контаргенттермен ақша сомаларының жолданғандығы туралы,төлемдерді жүзеге асыру туралы мән-жайлар ғана келтіріледі.

Содан соң, ұйымның шотына жолданған ақшалай сомаларының қолма-қол ақшаға ауыстырылып, кері қарай ұйым өкілдеріне жалған кәсіпкерліктің сыйақысы есебінен қайтарылған деген тұжырым жасайды.

Контрагенттермен ұйымдардың шоттарына жолдаған ақшалай сомалар үшін мәмілелерді жасау бойынша қандай да бір дәл мән-жайлар келтірілмейді, мәмілелердің жалған түрде жасалғаны туралы ешқандай мәліметтер жоқ.

Контрагенттердің де, айыпталушының да уәждері  ат-үсті тексеріледі, контрагенттермен жасалған жалған мәмілелер бойынша сұралмау фактілері орын алып жатады, яғни олардың уәждері назарға алынбайды және де «контрагенттердің уәждеріне сын көзбен қарау қажет, себебі олардың бұл уәждері салық төлемдерін төлемегені үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатында берілген»деген негізбен ғана жоққа шығарылады.

Мұндай жағдайлар жалған кәсіпкерлік жасағаны үшін  контрагенттердің салық төлеуден жалтарғандығыжөніндегі айыбын құрайды.

Мысалға, Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 05.06.2015 жылғы үкімімен Э.В.Син ҚР ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігінің «а,б» тармақтарымен, 28 бабының 5 бөлігі-222 бабының 3 бөлігіменоған 3 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалып, мүлкі тәркіленген, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленген.

Аталған үкіммен Э.В.Син 2009-2011 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында жалған кәсіпкерлік жасау мақсатында, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз «Эд Син Групп» ЖШС-і және «Регата Лайн» ЖШС-і коммерциялық ұйымдарынқұрып, тіркеткен.

Мүліктік заңсыз пайда табу, салықтан жалтару мақсатындағы қылмыстық пиғылын жүзеге асыра отырып, Э.Син тергеу кезінде анықталмаған тұлғалармен алдын ала сөз байласып, 2009-2011 жылдар аралығында, «БТА Банк» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы филиалындағы есеп шоттары арқылы бухгалтерлік ережеге сай есепке алынбаған және халықаралық стандартқа, Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай келмейтін, белгісіз тұлғалардан тиісті құжаттарды жасақтамай, формалық жағынан заңды, алайда өзінің мақсаты мен мазмұны бойынша салық төлеуден жалтаруға бағытталған, тауарларды сату, сатып алу, қызмет көрсету туралы 20 контрагенттермен жалған іс әрекеттер жасаған. Нәтижесінде «Эд Син Групп» ЖШС-і комерциялық ұйымдардың 314 721 769 теңге көлемінде, ал «Регата Лайн» ЖШС-і 134 854 707 тенге көлемінде, жалпы суммасы 449 576 476 тенге көлемінде салық төлеуден жалтаруларына жол берген.

Соттың Э.Синнің ҚР ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігінің «а,б» тармақтарындағы, 28 бабының 5 бөлігінің-222 бабының 3 бөлігіндегі көрсетілген қылмыстарды жасаудағы кінәсінің дәлелденуі оның айыбын толықтай мойындап берген жауабына, сонымен қатар салық басқармасының қорытындыларына,   «Эд Син Групп» және «Регата Лайн» ЖШС-теріне қатысты салық бойынша жүргізілген құжатты тексеру актілеріне, сотталған және куәлар Аманкулов, Сұраншиев, Исабаева раларында өткізілген беттестіру хаттамаларына негізделген.

Негізінде сот үкімінде «Эд Син Групп» және «Регата Лайн» ЖШС-тіктерінің контрагенттерінің қылмыстық әрекеттері-салықтан жалтарулары көрсетілген, алайда бұл контрагенттердік өкілдерінің ешқайсысы сұралмаған.

ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №1 «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының талабына сай келтірілген залал жалған кәсіпкердің контрагенттерінің төлеуден жалтарған салығы негізінде анықталады, жалған кәсіпкерлікке салық салынуға жатпайды, яғни бұл жағдай жалған кәсіпкерлікпен келтірілген залалға есептелінуді жоққа шығарады.

Бұл қылмыстық іс бойынша контрагпенттердің төлеудан жалтарған салықтары есептелген және жалған кәсіпкерлікпен айналысқан кінәліден өндірілген.

Бұдан басқа Э.Син ҚР ҚК-нің 28 бабының 5 бөлігі-222 бабының 3 бөлігімен, яғни 2010-2011 жылдар аралығында бюджетке төленетін төлемдері және салықтарды аса ірі мөлшерде, 449 576 476 теңге көлемінде төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылған.

 Контрагенттердің бюджетке салықтар төмлемегені үшін жалған кәсіпкердің жауапкершілігі оның кінәлілігіне, яғни өз әрекеттерімен зиян келтіруге мүмкіндік туғызу ниеті болғанына негізделуі тиіс. Мұндай жағдайда кінәлі тұлғакның қылмыстық жауапкершілігі ҚК-нің 192 және 222 баптарында көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша туындауы тиіс. Контрагент төлеуден жалтарған салықтың сомасы мемлекетке келтірілген зиян ретінде белгіленеді.

Орындаушының салық төлеуден жалтаруына көмектесуші - қылмысқа қатысушыны кінәлау үшін орындаушының өзінің қылмыстық пиғылын айқандау қажет, себебі бұл жағдайлар бір-бірімен тығыз байланыста және жеке-дара бөліп қарауға мүмкін емес.

Э.Синге контрагенттердің салық төлеуден жалтаруына көмектесуші ретінде айып таға отырып, сот үкімімен ол осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі болып танылған, алайда контрагенттерге салықтан жалтарғандары үшін айып тағылмаған.

ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №1 «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 12 тармағында, егер жалған кәсіпкерлікпен айналысқан кезде орын алатын бухгалтерлік және салықтық есеп ережелері бойынша есепке алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу шын мәнінде жүзеге асырылмауы, салық салу объектілерінің болмағанын білдіреді. Демек, жалған кәсіпорындарға салық есептелуі мүмкін емес, бұл жалған кәсәіпкерлік нәтижесінде келтірілген зиянға салық сомаларының қосылуын болдырмайды.

Алайда сот үкімінде бір-біріне қарама-қайшы келетін тұжырым келтірілген, яғни Э.Син жалған «Эд Син Групп» және «Регата Лайн» ЖШС-терін кұрып, жалған кәсіпкерлік жасаған дей тұра, контрагенттердің төлеуден жалтарған салық сомаларынан құралған залал одан өндірілген.

Яғни, бұл келтірілген мысал сот тәжірибесінің заң талаптарына сай келмейтінін көрсетеді.

ҚР ҚК-нің 215 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен айыпталған Р.М.Гараевке қатысты қылмыстық іс бойынша соттың тұжырым-бағыты дұрыс болып саналады.

Бұл аталған қылмыс Ақтөбе қаласының №2 сотына процестік-келісім негізінде түскен.

Тағылған айыпқа сәйкес, Р.Гараев 26 желтоқсан 2013 жылы,  тергеумен анықталмаған (жеке өндіріске бөлінген) тұлғалардың тапсырмаларына байланысты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз «София және Алина» ЖШС-н құрып, өз атына тіркеген.

Бұдан соң Р.Гараев, тергеумен анықталмаған тұлғалардың (істері жеке өндіріске бөлінген) қатысуымен, қаксақана пайдакүнемдік мақсатта, салық төлеуден жалтарып, мүліктік пайда табу үшін,«София және Алина» ЖШС-нің атынан әрекет жасап, кейбір коммерциялық ұйымдарға бухгалтерлік және салықтық есептерге салық төлеуден жалтаруға бағытталған, тауарларды сату, сатып алу, қызмет көрсету  туралы,  ҚҚС төлеуші ретінде, белгілі бір сыйақы үшін төлемдерді қолма-қол ақшаға айналдыруға өзінің қызметін ұсынған. Оның ұсынысымен келіскен 27 комерциялық ұйымдар нақтылы қызмет көрсету, тауарларды жөнелту жөніндегі қызметтерді жасамай, өзге шот-фактура жазумен және шығыс құжаттарын жасақтау арқылы «София және Алина» ЖШС-нің есебіне барлығы 493 841 739  теңге көлемінде ақша қаражатын аударған.

Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 сәуір-30 маусым күндері аралығында Р.Гараев «София және Алина» ЖШС-нің нақтылы басшысы ретінде, тергеумен анықталмаған (істері жеке өндіріске бөлінген) тұлғалардың араласуымен, жеке кәсіпкерліктің субъектісі бола тұрып, өзінің қылмыстық әрекетін одан ары қарай жасыру және бюджетке төленуге тиісті төлемдер мен салықтардан жалтару мақсатында, «АИ ВестКомп» ЖШС-нің (БИН 140140007533) салық декларациясының жұмсалған қаражат бөлігіне «АИ ВестКомп» ЖШС-і тиісті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса да, жалған мәліметтер енгізу жолымен 620 913 818 теңгенің жұмысын көрсеткен (шот фактурасы көрсетілген). Сөйтіп мемлекетке 198 692 421 теңге көлемінде ірі залал келтірген (айналым 620 913 818 теңге - 12% ҚҚС – 74 509 658 теңге және 20% КТС – 124 182 763 теңге),«АИ ВестКомп» ЖШС-нің жұмсалған қаражат бөлігінде жабдықтаушы көрсетілмеген.

Көрсетілген мерзім ішінде, Ақтөбе қаласында, Р.Гараев тергеумен анықталмаған (істері жеке өндіріске бөлінген) тұлғалармен алдын ала сөз байласып,  «София және Алина» ЖШС-нің басшысының қызметін атқара жүріп, жеке кәсіпкерліктің субъектісі бола тұра, «София және Алина» ЖШС-нің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, 2012 жылдың 2 тоқсанында «АИ ВестКомп» ЖШС-нің шот-фактурасын пайдаланып, ешқандай кәсіпкерлік қызмет, тауар жөнелту жұмыстарын жүргізбей мемлекетке 74 509 658 теңге көлемінде ірі залал келтірген.

Заң тәртібіне сәйкес процестік келісім талаптарын қарау кезінде сот қылмыстың саралануымен келіспей, жаңадан процестік келісім жасау үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару жөнінде қаулы қабылдаған.

Бұндай шешімге енегіз етіп сот төмендегідей мән-жайларды келтірген.

Қылмыстық қудалау органымен Р.Гараевке жалған кәсіпкерлік жасағаны үшін, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, жеке  кәсіпкерлік субъектісін құрып, 2013 жылдың 26 желтоқсанынан 2014 жылдың 31 желтоқсаны аралығында мемлекетке ірі залал келтіріп, яғни 1 қаңтар 2015 жылдан бастап  қолданысқа енгізілетін         қылмыстық Кодексіне дейінқылмыс жасағаны үшін айыпталған.

Сот Р.Гаревтың қылмыстық әрекетінің ҚР ҚК-нің 215 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен дәрежеленуімен сотталушының жағдайын ауырлататынболғандықтанкеліспеген, себебі ҚР ҚК-нің 192 бабының диспозициясында (16 шілде 1997 жылғы редакцияда), қылмыс жасалған уақытында, жалған кәсіпкерлік деп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, жеке  кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда қылмыс болып саналатыны көрсетілген.

ҚР ҚПК-нің 24 бабының, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №1 «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 17 тармағының талабына сай, қылмыстық ізге түсу органдары жалған кәсіпкерлік жасады деп айыпталған тұлға құрған коммерциялық ұйымның барлық контрагенттерін анықтау үшін шаралар қолдануға және тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудердің шын мәнінде өткізілгеніне және ақысы төленгеніне қатысты істің мән-жайларын анықтауға міндетті.

Алайда бұл айтылған заң талаптары Р.Гараевты айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау органдары тарапынан сақталмаған.        

         Осы санаттағы қылмыстық істерді апелляциялық сатыда қараудың тәжірибесі

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 27 тамыз 2015 жылғы С.В.Павлова және Г.С.Пак жөніндегі қылмыстық ісін Алматы қаласы Алмалы аудандық прокурорына қылмыстық процестік заң талаптарының өрескел бұзылуына байланысты қайтару туралы қалысы Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының 12 қазан 2015 жылғы қаулысымен бұзылған.

Апелляциялық алқасы қылмыстық құқық қудалау органдарының қылмыстың жасалған орнын, сотталушылардың әрқайсысының нақты әрекеттерін көрсетпегендігін ҚР ҚПК-нің жалпы тәртібі мен негіздерін бұзушылыққа жатпайды деп негіздеген.

Апелляциялық сот алқасының осы қылмыстық іс бойынша қабылдаған қаулысын толықтай зерттеуге мүмкіндік болмағандықтан, бұл сот қаулысының дұрыстығы жөнінде нақтьылы бір тұжырым жасау қиындық туғызды.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен Ақтөбе қаласының №2 сотының ҚР ҚК-нің 215 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен айыпталған Р.Гараевтың қылмыстық ісін Ақтөбе қалалық прокурорына қайтару туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Бірінші сатыдағы соттың ҚР ҚПК-нің 24 бабының, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №1 «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 17 тармағының талабына сай, қылмыстық ізге түсу органдары жалған кәсіпкерлік жасады деп айыпталған тұлға құрған коммерциялық ұйымның барлық контрагенттерін анықтау үшін шаралар қолдануға және тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудердің шын мәнінде өткізілгеніне және ақысы төленгеніне қатысты істің мән-жайларын анықтауға міндетті жөніндегі заң талаптарының орындалмағандығы туралы тұжырымы  заңды және дұрыс болып табылады.

Бұндай санаттағы қылмыстық істер бойынша осы сот тәжірибесі заң талаптарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының осы санаттағы қылмыстық істерді қадағалау тәртібінде қараудағы ұстанымдарына сай болыптабылады.

Яғни, №2уп-226-11 қаулымен (ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы №9 Бюллетені) ҚР ҚК-нің 192 бабының 3 бөлігінің «а» тармағымен сотталған Ж. жөніндегі Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 10 наурыз 2011 жылғы үкімінің және Оңтүстк Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының  осы сот үкімі бойынша 19 мамыр 2011 жылғы қаулысының күштері жойылған.

Сот актілерінің  күштерінің жойылуына ҚР ҚПК-нің 24 бабының, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №1 «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 17 тармағының талабына сай істің мән жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу туралы талаптарын ескере отырып,қылмыстық ізге түсу органдары жалған кәсіпкерлік жасады деп айыпталған тұлға құрған коммерциялық ұйымның барлық контрагенттерін анықтау үшін шаралар қолдануға және тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудердің шын мәнінде өткізілгеніне және ақысы төленгеніне қатысты істің мән-жайларын анықтауға міндетті жөніндегі заң талаптарын орындамағандығы себеп болған.

Қылмыстық істі зерделеу барысында, болжамды жалған кәсіпкеліктің 293 кәсіпорындармен қарым-қатынастар жасағаны анықталған, алайда салық жөніндегі тек 53 тексеріс қана жүргізілген, 5 контрагенттердің өкілдері ғана сұралған, зиян болжамды жалған кәсіпкерліктің пайдасы арқылы анықталған.

Қорытынды және ұсыныс: Жалпы алғанда осы санаттағы қылмыстар бойынша сот тәжірибелері заң талаптарына сай келеді. Жіберілген кемшіліктер қылмыстық істердің материалдарын дұрыс зерделемеу, ҚР Жоғарғы Сотының «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының талаптарын сактамаудан болған. Сонымен қатар, осы санаттағы қылмыстық істерді қарау қиындықтар туғызады, себебі коммерциялық ұйымдар арасындағы жасалған азаматтық келісім шарттар зерделенуге жатады.

 

         Ақтөбе облыстық сотының

         қылмыстық істер жөніндегі

         апелляциялық алқасы