Әкетай Мұратғали Абрарұлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Мұратғали Абрарұлы Әкетай 1969 жылдың 9 шілдесінде дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақстан Мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады.

Заң мамандығы бойынша өз еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласының әділет басқармасының бас маманы, бастықтың орынбасары, заңды тұлғаларды тіркейтін бөлім бастығы лауазымдарынан бастады.  

1998-2011 жылдары аралығында Алматы қаласының әділет басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 9 шілдедегі Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 13 желтоқсандағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындалды.

2009-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметінде істеген, аға әділет кеңесшісі шені бар. 2012 жылдың 2 шілдесінен 2013 жылдың желтоқсан айына дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы  қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 710  Жарлығымен  Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 маусымдағы №283 Жарлығымен  Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Жанұялы,  4 бала тәрбиелеуде.

Пікірлер мен ұсыныстар