Келушiлер ушiн өткiзу және объектiшiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы

«5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген

                                                                                                                                                           

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) жэне оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан эрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында жэне ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Соттар, Департамент және оның аумақтық огандары ғимараттарында өткізу жэне объектішілік режимді үйымдастыруды жэне жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара әрекеттесе отырып қамтамасыз етеді.

3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) басшылық - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) басшысы жэне оның орынбасарлары, Соттар әкімшілері басшылары жэне олардың орынбасарлары;

2) бақылау жэне рүқсат беруді басқару жүйесі (бүдан әрі - БРБЖ) - техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімділікке ие және соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына келетін адамдарға, сондай-ақ іргелес жатқан аумақтағы көлікке рұқсат беруді бақьшауды жэне басқаруды жүзеге асыратын бірлесе жұмыс істейтін техникалық бақылау жэне басқару құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;

3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП) - келушілер мен көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;

4) біржолғы рұқсатгама - сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына біржолғы кіруге (шығуға) құқық беретін құжат;

5) келуші - соттар, Департамент және оның аумакгық органдары ғимараттарына келген, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, сот процесіне қатысушылар, оның ішінде тыңдаушылар мен байқаушылар

6) МКҚБ қызметкерІ - соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу режимін қамтамасыз ететін қызметкер немесе БӨП бойынша кезекші

7) өткізу және объектішілік режим - ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігін сақгауды, сондай-ақ адамдардың бақылаусыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), күзетілетін объектіге мүлікті бақылаусыз алып кіру (алып шығу), әкелу (әкету) жэне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес соттардың, Департаменттің және оның аумақгық органдарыньщ аумағына жэне ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесіне сәйкес соттардың, Департаменттің, оның аумақгық органдарыньщ аумағына және ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттарды (бүдан әрі - тыйьш салынған заттар) санкцияланбаған алып өту (алып жүру) мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған үйымдастырушылық, техникалық іс-шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етілетін соттардың, Департаменттің, оның аумақтық органдарының ғимараттары және оларга іргелес жатқан аумақтар шегінде белгіленген тәртіп;

8) пайдаланушының уақытша карточкасы - келуші туралы деректерді қамтитын жэне Жоғарғы Сот жэне Департамент ғимаратына өту үшін оқитын қүрылғымен ақпарат алмасу арқылы жүмыс істейтін электрондық коды бар БРБЖ пластикалық картасы

9) соттар - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, жергілікті жэне басқа да соттар;

10) полиция бекеті - соттар, Департамент жэне оның аумақтық органдары ғимаратына кіретін орын немесе МКҚБ қызметкерлері өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындайтын күзетілетін аумақ учаскесі.

11) техникалық бақылау - тыйым салынған заттарды санкцияланбаған алып кіруді (алып шығуды), экелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) анықтауға арналған арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін іс-шаралар жиынтығы.

4. Жоғарғы Сот жэне Департамент аумағына және ғимаратына өткізу режимін ұйымдастыруды бақылау Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі - ӘПК), жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың жэне Астана, Алматы қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармаларына жүктеледі,

5. Өткізу режимі соттардың, Департаментгің және оның аумақтық органдарының кіру топтарында орнатылған БРБЖ арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының уақытша карточкалары бойынша кіретін келушілердің фотобейнелері бар есептік деректері БРБЖ деректер қорына енгізіледі.

6. Келушілер осы Қағидаларда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер талаптарын сақтауы, сот қызметінің белгіленген тәртібін жэне жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауы қажет.

7. МКҚБ қызметкері күн сайын МКҚБ басшылығына және кезекшілік бөлімге сот ғимаратында өткізу және объектішілік режимдердің бұзылғандығы туралы рапортпен баяндайды, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік жэне соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөліміне (бұдан әрі - ІҚБ) хабарлайды.

 

2. Өткізу обьектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібі

8. Өткізу режимі мынадай:

1) соттар, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына, әкімшілік ғимараттарына бөтен адамдардың өтуін болдырмау;

2) тізбеде көрсетілген нәрселер мен заттардың алып кіруді (алып шығуды), әкелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) болдырмау;

3) шақырылғандарды қоспағанда, өзге де үй-жайларға келушілердің санкцияланбаған кіруін болдырмау;

4) Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру;

5) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сэйкес қоғамдық тэртіпті қорғау жэне сақгау, судьялардың, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.

9. Соттар, Департамент жэне оның аумақтық органдары ғимараттарына кіру мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) пайдаланушының уақытша карточкасы - Жоғарғы Соттың жэне Департаменттің келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Уақытша карточка жеке басты куәландыратын қүжат болған кезде ресімделеді;

2) біржолғы рүқсаттама - жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Рұқсаттама жеке басты куәландыратын қүжат болған кезде, осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

3) келушілердің, оның ішінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, Соттар әкімшілері мен соттар кеңселері ұсынған сот процестеріне қатысушылардың тізбелері негізінде жүзеге асырылады.

10. Пайдаланушының уақытша карточкасы мен біржолғы рұксаттамалары бойынша келушілерді кіргізу ішкі тәртіпке сәйкес белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

11. Біржолғы рұқсаттамаларды беру сот кеңсесінің немесе Соттар әкімшісінің қызметкері жүзеге асырады.

12. Біржолғы рүқсаттама келушіге біржолғы рүқсаттамада көрсетілген соттар мен Соттардың әкімшісі үй-жайына келуіне қүқық береді. Келуші ғимаратқа кірген кезде МКҚБ қызметкеріне біржолғы рүқсаттаманы жэне жеке басын куәландыратын қүжатты көрсетеді, оның деректері тиісті журналда тіркеледі.

13. Біржолғы рүқсаттамаға сот не Соттар әкІмшісі қызметкерінің белгі жасауынсыз келушінің шығуына жол берілмейді.

14. Пайдаланушының уақытша карточкасын не біржолғы рұқсаттамасын ресімдеуге өтінімдерді Департаменттің, Сот не Соттар әкімшісі кеңсесінің қызметкерлері белгіленген жүмыс уақытында қабылдайды.

15. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген қүжаттар аттары жазылған адамдар үшін ғана жарамды. Оларды басқа адамдарға беруге рүқсат берілмейді.

16. Кіру қүқығына қүжаттарды ресімдеуде бүзушылық, қүжаттың жасанды болудың және оны берушіге сәйкес болмауының, фотобейненің кіруші келбетімен сәйкес келмеуінің белгілері жэне өзге де бүзушылықгар анықгалған жағдайда МКҚБ қызметкері осы адамды үстауға шаралар қолданып, МКҚБ және ІҚБ басшылығына бүл туралы хабарлайды.

17. Сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына қызметкерлердің ауызша өкімі бойынша келушілердің кіруіне жол берілмейді.

18. Төтенше жағдайлар уақытында келушілерді өткізу тоқтатылады.

19. Пайдаланушының уақытша карточкасына не келушінің біржолғы рұқсаттамасына телефон арқылы тапсырыс беруге:

1) басшылық;

2) судьялар;

3) Департаменттің қүрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының;

3)     Соттар әкімшісі қүрылымдық бөлімшелері басшыларының;

4)  жергілікті соттардың кеңселері меңгерушілерінің қүқығы бар.

20. Келушінің біржолғы рұқсаттамасына тапсырыс берілген кезде рұқсаттамаға тапсырыс берген адамның лауазымы, келушінің тегі, аты мен әкесінің аты, кабинет нөмірі, сондай-ақ келушімен бірге жүру үшін жауапты қызметкердің тегі мен аты-жөні хабарланады. Бірге жүретін адам ғимаратқа кірген кезден және ғимаратқа шыққан кезге дейін келушімен бірге жүруді қамтамасыз етеді. Бірге жүретін адамсыз келушілер ғимаратқа жіберілмейді.

21. Келушілер қүрылымдық бөлімшенің қызметтік үй-жайларында осы бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен ғана болады, жауапкершілік рұқсаттамага тапсырыс берген адамға жүктеледІ.

22. Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына кірген кезде келушілерге, оның ішінде сот процесіне қатысушыларға қатысты бақылаудың арнайы жабдығы мен техникалық құралдары пайдаланыла отырып техникалық бақылау жүзеге асырылады.

Жогарыда көрсетілген жабдық пен техникалық қүралдар қол жүгі мен жеке заттарды қарап-тексеру кезінде де пайдаланылады.

Бақылаудың арнайы техникалық қүралдары іске қосылған жағдайда МКҚБ қызметкері адамға көзбен қарап-тексеру үшін заттарды көрсетуді үсынады.

Арнайы қүралдарды пайдалана отырып техникалық бақылау көрсетілген қүралдардың істен шығуы (не олардың болмауы) себебі бойынша мүмкін
болмаган жағдайларда келуші дербес МКҚБ қызметкеріне көзбен шолып қарап- тексеру үшін қол жүгін (сөмкелер, портфельдер, пакеттер, барсеткалар жәңе т.б.) ашық түрде көрсетеді.

23. Келушінің заттарында өткізу үшін тыйым салынған нәрселер бар екеніне жеткілікті негіздеулер бар болган кезде сыртқы тексеріп-қарау жүргізіледі. Сыртқы тексеріп-қарауды тексеріп-қаралатын адаммен бір жыныстағы МКҚБ қызметкерлері жеке үй-жайда жэне сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі, бүл ретте МКҚБ қызметкерінің әрекеттері жеке тексеріп-қарауды жүргізген кезде тексеріп-қаралатын адамның абырой мен қадір-қасиетіне қысымшылық жасамауға тиіс.

24. Адамның техникалық бақылаудан немесе тексеріп-қараудан өтпеуі оның ғимаратқа өтуінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

25. Келушілерге жэне сот процесіне қатысушыларға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 19-бабында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 345-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеде көрсетілген техникалық құралдарды сот ғимаратына алып кіруге (алып өтуге) рүқсат берілмейді.

26. Сот процесіне қатысушы сотта істі талқылау басталғанға дейін іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, фото- және бейнеге түсіру құралдарын сот отырысы залында пайдалану туралы өтінішпен төрагалық етушіге жүгінуге қүқылы.

27. Келушіде, сот процесіне қатысушыда оқ ататын, суық қару, арнайы қүралдар, оқ-дәрілер (рұқсат ету қүжаттарынсыз), есірткі заттары, жарылғыш, жанғыш, тез түтанатын, уытты, улы, радиоактивті заттар анықталган кезде

МКҚБ қызметкері оны ұстауға шаралар қолданады және кейіннен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес эрекет етеді.

28. Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына жэне ғимаратына тізбенің 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген алып өтуге тыйым салынған заттар ғимаратқа кіру кезінде полиция бекетіндегі арнайы жеке ұяшықтарда қалдырылады.

29. Сот ғимаратына қарумен немесе арнайы құралдармен келген жэне оларға рұқсаты бар адамдар оларды МКҚБ полициясы нарядының арнайы сейфінде қалдырады, бүл туралы тиісті журналда жазба жасалады.

30. МКҚБ қызметкерлерінің мен сот приставтарының Қазақстан Республикасының «Қуқық қорғау қызметі туралы» жэне «Сот приставтары туралы» заңдарында айқындалған тәртіппен арнайы құралдарды, оқ ататын және өзге де қаруды қолдануға, дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға құқығы бар.

31. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына және гимаратына бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылған өкілдерінің олардың кәсіби қызметіне байланысты бейне, кино және фотоаппаратурасымен кіруіне рұқсат етіледі.

32. Сот процесіне қатысушылар полиция бекетіне ұсынылған тізімдер бойынша соттарға өтеді. Сот приставтары олар техникалық бақылаудан еткеннен кейін күту залына өздерінің бірге жүруін қамтамасыз етеді.

33. Сот процесіне қатысушыларды тіркеуді сот приставы не сот кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады. Сот процесіне қатысушыларды тіркеу сот гимаратына кірген кезде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету бойынша жүргізіледі.

Тараптардың өкілдері қосымша олардың өкілеттіктерін растайтын қүжаттарды көрсетуге тиіс.

34. Сот процесіне қатысушылар күту залында күтеді, оларға судьялардың жэне қызметкерлердің қызметтік үй-жайларына шақырусыз кіруге тыйым салынады.

35. Хат-хабарды тапсыру (алу) үшін келген келушілерді ғимаратқа кіргізу (МКҚБ полициясы посты арқылы) олар техникалық бақылаудан өткен соң жүзеге асырылады, хат-хабарды алғанға дейін келушілер күту залында болады.

36. Судьялардың, Департамент және оның аумақтық органдары қызметкерлерінІң азаматтарды (туыстарды, таныстарды) жеке мәселелер бойынша қабылдауына тыйым салынады.

37. Басшылық келушілерді қабылдаған кезде оларды алып жүруді сот приставы не басшылық айқындайтын Департаменттің, Сот әкімшісінің қызметкері жүзеге асырады.

38. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және демалыс күндері келушілерді ғимаратқа кіргізу токгатылады.

39. Келушілердің сот, Департамент жэне оның аумақгық органдары ғимаратына алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде кіруіне рұқсат берілмейді.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 1-қосымша

 

Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына жэне ғимаратына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесі

1) Атыс және суық қару;

2) Жарылғыш заттар, жарылатын қурылғылар, тез түтанатын сұйыктықтар;

3) Уландырғыш заттар;

4) Қатты эсер ететін улы заттар;

5) Бактериологиялық, биологиялықжәне химиялықзаттар;

6) Радиоактивтізаттар;

7) Есірткілік, психотроптық заттар;

8) Бейне-, кино- жэне фотоаппаратура;

9) Жазатын құрылғылар, көзбен байқау құралдары, есептегіш техника;

10) Радиотехникалық және басқа аппаратура;

11) Қоңырау/хабарлама/жауап функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғылар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.);

12) Машиналық ақпарат жеткізгіштер (флеш-карталар, ШВ-дискілер т.б.);

13) Техникалық, оның ішінде деректер беруге, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге жэне Интернет желісіне шығуға мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар (Wi-fi, Вluetооtһ, 3G,4G және т.б.)

 

Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу жэне объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 2-қосымша

 

Нысан

Біржолғы рүқсаттама

 

 

Біржолғы рұқсаттама түбіртек №________________

Азамат (ша)_________________________________

Күжат№____________________________________

Кайдан келді________________________________

Кімге келді__________________________________

Ғимарат № ___________каб. №________________

Бірге жүретін_______________________________

Берілген үақыты_____________________________

Берілген күні ______________20________ж.

 Рұксаттама бюросының қолы

_______________________

 

 

Біржолғы рұқсаттама №_____________________

Азамат (ша)_________________________берілді

Күжат№_________________________________

Кайдан келді______________________________

Кімге келді________________________________

Ғимарат № ___________каб. №_______________

Бірге жүретін_______________________________

Берілген үақыты____________________________

Берілген күні ______________20________ж.

 Рұксаттама бюросының қолы

_______________________

 

 

 

 

 

 

 

Рұқсаттама Қазақстан Республикасы азаматынын жеке

басын куәландыратын кұжатты көрсеткен кезде жарамды

 

 

Келүшінің шыққан үақыты______________

 

Шақырган адамның қолы______________

 

 
Пікірлер мен ұсыныстар