Call-орталығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Ақтөбе облысы бойынша Соттар Әкімшісі call-орталығын  іске қосты.  Әрбір азамат ұялы байланыс немесе Whatsapp арқылы сот органдарының қызметі мәселелері бойынша, сот отырысының уақыты мен өтетін орны жөнінде дұрыс хабарламау, сот отырысының уақытында басталмауы, сот құжаттары көшірмелерінің уақытында берілмеуі, сот отырысы хаттамасымен уақытында таныспауы, өтініштерді, арыздарды қабылдамау туралы сұрақтары бойынша жүгіне алады.

Сонымен қатар, аталмыш орталық арқылы сот органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуі сұрақтары, сот қызметкерлерінің мемлекеттік этикасын ұстанбауы, онлайн сервистар, соттардың мекенжайлары мен байланыстары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі бар.

Сіз call-орталығына 8 7132 70 48 34 нөмірі, 713-0999 ішкі нөмірі және де Whatsapp 8 747 770 94 06 арқылы хабарласа аласыз, тиісінше келіп түскен жүгінулерге байланысты жедел түрде шаралар қолданылады.

Пікірлер мен ұсыныстар