Ақтөбе облысы соттарының 2014 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы бойынша талдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы Ақтөбе облыстық сотымен сот әділдігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға, сот істерінің уақытылы қаралуы мен сот қызметінің халыққа жариялылығы мен ашықтығын  қамтамасыз етуге және қоғам алдында сот жүйесінің беделін арттыруға бағытталған  іс-шаралар кешені әзірленді.

Ақтөбе облысы соттарының 2014 жылдың 1 тақсанында атқарған жұмысының нәтижелері қорытындыланды. Статистикалық деректер өткен жылдың сәйкес есеп кезеңімен салыстырғанда келесідей сипатқа ие.

 

Азаматтық істердің қаралуы

 

 

         Облыс соттарымен 2014 жылдың 1 тоқсанында 6281 азаматтық іс қаралды, оның ішінде шешім шығарумен 3797 іс немесе 60,5%.

         2013 жылдың сәйкес есеп кезеңінде 4736 азаматтық іс аяқталып, оның 2646 шешім шығарумен қаралды, яғни 55,9% құрады.

         Осылайша аяқталған істер саны 1545 бірлікке, ал шешім шығарумен қаралған істер 1151 бірлікке көбейгені байқалады.

         Сонымен қатар бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қаралған істер санының 1020-дан 1359-ға (339 іс) артқанын көруге болады.

         Ең көп жүктеме Ақтөбе қалалық сотына тиесілі, себебі соттың қарайтын істер санатына байланысты облыс бойынша барлық қаралған істердің  54,5% тек осы сотпен қаралған.

         Ақтөбе қалалық сотымен аталған кезеңде 3426 азаматтық іс қаралып, аяқталған (өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 2807), оның 54,9% немесе 1883 шешім шығарумен қаралған (өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 1554).

         Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 1159 азаматтық іс немесе 18,4% аяқталып, оның 977 (84%) шешім шығарумен қаралған. 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 592 іс  қаралып, оның 477-сі немесе 80,5% шешім шығарумен қаралған.

         Ақтөбе қалалық соты судьяларының орташа айлық жүктемесі нақты қызмет атқаратын 14 судьяға шаққанда 81,6 азаматтық істі, сондай-ақ 165 азаматтық іс пен жадығатты құраса, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты судьяларының орташа айлық жүктемесі нақты қызмет атқаратын 6 судья бойынша  64,4 істі және 68 істер мен жадығаттарды  құрайды. 

         Облыс бойынша орташа айлық жүктеме 38,1 істі (өткен кезеңде – 32,2), сонымен қатар 61 істер мен жадығаттарды (өткен кезеңде – 49,9) құрайды.

Сырттай шешім шығарумен 438 азаматтық іс қаралған немесе барлық шешім шығарумен аяқталған істер санының 11,5% (орташа республикалық көрсеткіш 25,6%), ал  өткен жылдың сәйкес есеп кезеңінде бұл көрсеткіш 554 немесе 20,7% құрады.

Азаматтық істерді қараусыз қалдыру кішігірім болса да, атап айтқанда 15 іске азайғанын көрсетеді: 2014 жылдың 1 тоқсанында 468 азамаматтық іс қараусыз қалдырылған болса, салыстырмалы кезеңде 483 іс қараусыз қалдырылды.

Бұған қоса, статискалық мәліметтер тараптардың бітімгершілік келісімге келу арқылы қысқартылған істер санының да 138-ден 167-ге, яғни 29 іске артқанын көрсетеді.  

Жүргізілген талдау есеп кезеңінің аяғына қалдық істер санының 1814-тен 1773-ке азайғанын көрсетеді. Тоқтатыла тұрған азаматтық істер 35, яғни 2013 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 2 іске кем.

         Сонымен қоса, есеп кезеңінің соңында өндірісінде 3 айдан  және 6 айдан асқан азаматтық істердің жоқ екенін, яғни бірінші саты соттарымен оң нәтижеге жеткендігін атап өту қажет.

         2014 жылдың 1 тоқсанында күші жойылған шешімдер саны 38-ді немесе барлық шешім шығарумен қаралған істердің 1% (орташа республикалық -1%), өткен жылдың сәйкес есеп кезеңінде 33 немесе 1,2% (орташа республикалық-1,1%) құрады.

         Өзгертілген шешімдер саны 40 немесе барлық шешім шығарумен қаралған істердің 1,1% (орташа республикалық-1,3%), өткен кезеңде 30 шешім немесе 1,1% (орташа республикалық -1,5%) құрады.

Барлық күші жойылған және өзгертілген шешімдер – 78 немесе 2,1% (орташа республикалық-2,2%), өткен жылдың сәйкес есеп кезеңінде 63 шешім немесе или 2,4% (орташа республикалық -2,6%).

Сот шешімдерінің бұзылу және өзгеру себептерін талдау бірінші саты соттарымен іс құжаттарын дұрыс зерделемеу, заң нормаларын жетік меңгермеу, істі қарауға әзірлік жұмыстарын жүргізбеу секілді себептермен қателіктер жіберілетінін байқатады.

2014 жылдың 1 тоқсанында ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасымен 2 азаматтық іс бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық саты соттарының актілерінің күші жойылып, 2 сот актісі өзгертілген.

 

Қылмыстық істердің қаралуы

 

2014 жылдың 1 тоқсанында барлық аяқталған қылмыстық істер 585-ті құраған болса, 2013 жылдың сәйкес есеп кезеңінде 651 қылмыстық іс  аяқталған, оның ішінде  үкім шығарумен 225 іс, өткен кезеңде 217 іс қаралаған.

Статистикалық деректер 2014 жылдың 1 тоқсанында барлық сотталған адамдардың 35,9% бас бостандығынан айыруға сотталғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9% кем екенін көрсетеді.

2014 жылдың 1 тоқсанында облыс соттарымен барлығы 262 адам сотталған, ал 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 272 адам сотталған, осылайша өткен кезеңде сотталған адам санына шаққанда осы кезеңде сотталғандар саны 10-ға немесе 3,6%-ға азайған.

Барлық сотталған 262 адамның 91-і немесе 35,9% бас бостандығын айыру жазасына сотталған (орташа республикалық 37,6%), өткен жылдың сәйкес кезеңінде 119 адам немесе 43,8% бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

         Бас бостандығын айырумен байланысты емес жазалар 2014 жылдың  1 тоқсанында 131 адамға қатысты немесе  50% қолданылған (орташа республикалық - 40,8%). Ал 2013 жылдың сәйкес кезеңінде бас бостандығын айырумен байланысты емес жазалар 119 адамға (43,8%) қатысты қолданылған.

         Осылайша бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталғандар саны осы есеп кезеңінде  6,2%-ға өскенін байқауға болады.    

         Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған барлық 10 адамға (2013ж.-12 адам) бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін 106 адам немесе 40,4% (2013ж. - 148 адам немесе 54,4%) сотталған, соның 56-на немесе 52,8%  (2013ж. - 90 адам немесе  60,8%) бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылған.

Ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін 110 адам (2013ж.-93 адам) сотталған болса, соның 23-не немесе 20,9% қатысты бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған, ал орташа республикалық – 19,8% (2013ж. - 16 адам немесе 17,2%). 

Онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін 36 адам сотталған (2013ж. - 19 адам), оның 5-не немесе 13,9% қатысты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ал орташа республикалық - 12,4% (2013ж. - 1 адам немесе 5,3%).    

2014 жылдың 3 айында шартты түрде соттау 26 адамға қатысты немесе  9,9% қолданылған (орташа республикалық-16,2%).

2013 жылдың 1 тоқсанында шартты түрде соттау 23 адамға қатысты немесе 8,5% қолданылған. Осылайша осы есеп кезеңінде шартты түрде соттау 1,5% өскендігін көрсетеді.  

         2014 жылдың 1 тоқсанында ҚР ҚК-нің 251 бабының 1 бөлігі, 96 бабының 2 бөлігінің «е» тармағы, 24 бабының 3 бөлігі – 96 бабының 2 бөлігінің «а,е» тармақтары және  ҚР ҚК-нің 259 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыптаудың дәлелденбеуі себебімен облыс соттарымен 2 адамға қатысты 2 ақтау үкімі шығарылған.

         2013 жылдың сәйкес есеп кезеңінде ҚР ҚК-нің 129 бабының 1 бөлігімен жеке айыптау істері бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты 7 адамға қатысты 3 ақтау үкімі шығарылған.

         2014 жылдың 1 тоқсанында қысқартылған қылмыстық істер 406-дан 325-ке азайған. 

         Бұлтартпау шараларын қолдану немесе ұзарту туралы қаралған 184 өтініштің (2013ж. - 183) 182-і қанағаттандырылған болса (2013 ж. - 181), 2-і қанағаттандырудан бас тартылды (2013ж.- 2). 

Апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібінде 5 адамға қатысты үкімнің күші жойылған немесе 0,8% (орташа республикалық-0,5%), ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде күші жойылған үкімдер болған емес.

         40 адамға қатысты сот үкімдері өзгертілді немесе 6,5% (орташа республикалық-5,0%), ал 2013 жылдың 1 тоқсанында 17 адамға қатысты сот үкімі өзгертілді, бұл 2,3% құрайды (орташа республикалық-3,7%).

Барлық күші жойылған және өзгертілгені 45 адамға қатысты үкім немесе 7,3% (орташа республикалық-4,1%), 2013 жылдың 1 тоқсанында 17 немесе 2,3% (орташа республикалық-5,5%).

Облыс соттарымен аталған есеп кезеңінде қылмыстық істерді қарау барысында іс жүргізу мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол берілмеген. Қалдық істер қатарында қарау мерзімі 3 айдан және 6 айдан асқан қылмыстық істер болған жоқ.

2014 жылдың 1 тоқсанында Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 11 адамға қатысты 9 қылмыстық іс қаралған. 10 адам сотталған болса, 1 адам ақталды.  Аталған есеп кезеңінде алқабилердің қатысуымен 3 адамға қатысты 2 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 2 адам сотталған болса, 1 адамқа ақтау үкімі қабылданды.  

2013 жылдың сәйкес кезеңінде 22 адамға қатысты 15 қылмыстық іс қаралды, үкім шығарумен қаралған 12 істің 1-і алқабилердің қатысуымен қаралды. 14 адам сотталған болса, 5 адамға қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жолданды, ал  2 адамға қатысты қылмыстық іс тараптардың бітімгершілкке келуіне байланысты қысқартылды. Алқабилердің қатысумен 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс сотталушыға іздеу жариялануына байланысты прокурорға қайтарылды.

2014 жылдың 1 тоқсанында да өткен жылдың сәйкес есеп кезеңінде де апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртіптерінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қабылданған үкімдердің күші жойылмаған. Дегенмен апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртіптерінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қабылданған 6 адамға қатысты сот үкімі өзгертілген, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде аталған соттың өзгертілген  үкімдері болмаған.

Ақтөбе облысы бойынша 2014 жылдың 1 тоқсанында қылмыстық істер бойынша судьяның орташа айлық жүктемесі 4,5 істі және 10,5 істер мен жадығаттарды құрап отыр. Алайда бұл жүктеме аудандық соттар бойынша әртүрлі. Ақтөбе қаласының №2 сотының бір судьяға шаққандағы орташа айлық жүктемесі 10,9 істі немесе 29,1 істер мен жадығаттарды құраса, Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында 2,5 істер және 19,8 істер мен жадығаттарды құрайды, ал басқа аудандық соттарда бір судьяға 1-5 іс және 4-7 істер мен жадығаттан келеді.

 

Әкімшілік істердің қаралуы

 

         2014 жылдың 3 айында облыс соттарымен барлығы 5375 әкімшілік іс қаралған болса, 2013 жылдың 1 тоқсанында 4095 әкімшілік іс қаралған, яғни қаралған әкімшілік істер саны 1280-ге немесе 31,2% өскен. Қалдық істер саны -61 құрады, ол өткен жылдың есеп кезеңімен салыстырғанда 20 іске кем.

         Апелляциялық және қадағалау тәртіптерінде 1 қаулының күші жойылды немесе 0,02%, орташа республикалық  – 0,1% (2013 жылдың сәйкес кезеңінде 2 немесе 0,05%, ал орташа республикалық – 0,1%, 1 қаулы өзгертілді немесе 0,02%, орташа республикалық – 0,1% (2013 жылдың сәйкес кезеңінде – 2 немесе 0,05%, ал орташа республикалық – 0,1%).

         Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен есеп кезеңінде 3581 әкімшілік іс қаралды немесе  66,6%, 2013 жылдың сәйкес кезеңінде 2500 іс немесе 61%.

Облыс соттарының аяқталған істер бойынша орташа айлық жүктемесі 1 судьяға 49,8 әкімшілік істен келеді. Егер 2014 жылдың 1 тоқсанында мамандандырылған әкімшілік соттың жүктемесі айына 238,7 істі құраған болса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде айына 277,8 істі құрады.

        

Ақтөбе облыстық сотының

жоспарлау және талдау бөлімі