Ақтөбе облысы соттары ғимараттарындағы өткізу және ішкі объектілік режим туралы Ереже

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

Ақтөбе облысы соттары ғимараттарындағы өткізу және ішкі объектілік режим туралы Ереже

1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы 2011 жылғы 05 тамыздағы №168 Өкімінің  талаптарына  сәйкес дайындалды.. Ереже Ақтөбе облысы соттарының әкімшілік ғимараттарына кіргізу(шығару) және ішкі объектілік режимінің тәртібін,  күзетпен қамтамасыз етілуін бекітеді. Соттарда күзетуді ұйымдастыру және кіргізу(шығару)  режимін жүзеге асыру Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция қызметкерлеріне жүктеледі. Кіргізу(щығару) режимінің талаптарын орындау бойынша мәселермен посттық-полиция қызметкерлері сот приставтарымен өзара әрекет жасайды.

2. Сотқа  келушілерді ғимаратқа кіргізу(шығару) күнделікті, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа уақытта сағат 08.30-дан 18.30-ге дейін, жұма күні 08.30-дан 18.15-ге дейін жүзеге асырылады. Келушілерді сот ғимаратына кіргізу  12.30-дан 14.00 –ге дейін тоқтатылады.

2.1. Соттардың әкімшілік ғимаратарына кіру орталық есік арқылы жүзеге асырылады.

2.2.Сотқа келушілер соттың әкімшілік ғимараттарына кірген(шыққан) кезде сөмкелерін, баулдарын, шаруашылық пакеттерін полиция қызметкерлеріне тексеру үшін көрсетеді.

Тыйым салынған заттарды (қару, оқ –дәрі, жарылғыш заттарды, т.б.)  аоып кіру және тауар-материалдық құндылықтарды рұқсатсыз  өткізудің  алдын алу мақсатында келуші адам сөмкелер мен пакеттерде немесе киімдерде металл заттардың бар/жоғын анықтау үшін стационарлық металл детекторы арқылы кіреді. Жеке тексеру кезінде қолмен реттелетін металл детекторы қолданылады.

2.3 Қажет болған  жағдайда (темір іздегіш қосылғанда, қол жүгі болғанда және т.б.) полиция қызметкері, келушіге жеке басының заттарын тексеруге ұсыныс жасауы қажет. Тексерістен бас тартқан жағдайда, сонымен қатар, келушіде тыйым салатын зат бар деп тұжырымдауға жеткілікті негіз бар жағдайда, жеке тұлғаға жеке заттарын тексеруге құқылы. Келушілерді үлкен сөмкелермен, портфельдермен, қысқы киімдермен немесе маусымдық киімдермен сот отырысының залына кіруге рұқсат етілмейді.

2.4.Тексеруден бас тартқан жағдайда сот приставтарының және судьялардың келісімімен азаматтарды қызметтік бөлмелерге және сот залына кіргізуге  рұқсат етілмейді.

2.5. Күзет посты арқылы өтетін барлық адамдар полиция қызметкерлерінің талап етуі бойынша құжаттарын ашылған қалпында тексеруге беруге міндетті.

3. Судьялар және Сот Кеңсе қызметкерлері жұмыс күндері сот ғимаратына сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін қызмет куәліктерін  немесе уақытша кіру қағаздарын көрсету арқылы кедергісіз кіре алады.

Мерзімі өткен қызметтік куәліктер және уақытша берілген кіру қағаздары  күзет қызметі қызметкерлерімен қолданыстан алынады  және Соттың  кадр бөліміне өткізіледі.

3.1.Бекітілген кестеге сәйкес кезекшілік жүргізетін қызметкерлерден басқа, судьялар мен сот қызметкерлерінің сот ғимаратына кіруі жұмыс күндері сағат 20.00-ден 22.00-ге дейінгі және демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін сот төрағасы немесе алқа төрағасының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

3.2.Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сот басшылығы және қауіпсіздік қызметлерінен басқа барлық адамдар үшін  сот ғимаратына кіру тоқтатылады.

3.3.Сот ғимараттарына тыйым салынған заттарды әкелмеу, сот қызметкерлері мен оларды қоршаған азаматтарды экстремистер мен агрессивті адамдар тарапынан денсаулығы мен өмірі  үшін қандай да бір қауіптілікті алдын алу мақсатында посттық полиция қызметкері сот ғимаратына жақын орналасқан территорияны үнемі тексеруі қажет. Сот ғимаратына жақын орналасқан жерлерге баса назар аударан жөн. Соттарға жақын орналасқан жерлерге күдікті заттарды қалдыруға, қызметтік емес автокөліктерді тұрақты және уақытша қоюға болмайды.

4.Істі қарауға қатысатын адамдарды сотқа кіргізу тәртібі:

4.1сті қарауға қатысушы адамдар сот ғимаратына кірген кезде міндетті түрде жеке бас куәлігімен немесе жеке басын растайтын куәландыратын басқа құжатпен бірге сотқа шақыру қағазын немесе хабарламаны көрсетуі тиіс.

4.2.Сот отырысы басталғанға дейін шақырылағн адамдар соттың фойесінде болады немесе отырыс залына приставпен бірге судьяның немес сот отырысы хатшысының шақыруымен ғана кіреді.

4.3. Сот приставтары алқа отырысына шақырылған адамдарды отырыс залына дейін және кері шығарып салады, олар сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

4.4.Пристав сот процесіне қатысушы прокурорларды, адвокаттарды, қызметтік куәліктері бойынша істермен жұмыс істеу үшін арнайы бөлмеге ертіп кіреді.

5.Істі қарауға қатыспайтын адамдарды сотқа кіргізу тәртібі: 

5.1.Жеке қабылдауға келген адамдарды сотқа қабылдау болатын күні, белгіленген жұмыс уақытында кіреді. Азаматтарды қабылдау оған жауапты сот маманының қатысуымен жүргізіледі.Сот төрағасының кабинетіне кіруге тек оның келісімімен ғана рұқсат беріледі. Бұл ретте азаматтар соттың фойесінде күтіп отырады.

5.2. Істі қарауға қатыспайтын адамдарды және олардың туыстарын(таныстарын) судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерге кіргізуге тыйым салынады.

6.Лауазымды тұлғалардың кіргізу тәртібі:

6.1.Облыстық басқармалар мен Департаменттердің лауазымды тұлғалары (басшылықтан басқа) сот төрағасына сотқа келу мақсаты жөнінде хабарлап, тек қызметтік мәселелер мен істер бойынша ғана қызметтік куәлігін көрсеткен соң приставтың ертуімен кіреді.

6.2. Со процестері мен алқа отырыстарын жарялау үшін келген БАҚ өкілдері, журналисттер, корреспонденттер сот ғимаратына приставтың ертуімен сот төрағасына сотқа келу мақсаты жөнінде хабарлап, қызметтік куәлігін көрсеткен соң кіреді.

6.3. Төтенше жағдайлар болған жағдайда немесе жедел медициналық көмек көрсету қажеттігі туындаған кезде

- өрт сөндіру, апаттық қызмет құрамы және есептері

- дәрігерлер мен медициналық «Жедел жәрдем» құрамы өрт есебінің нөмірі мен медициналық топтың нөмірін тіркеп, жауапты адамның ертіп жүруі арқылы кедергісіз кіруге құқылы.

7. Билік органдарының, басқармаларының, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары сот төрағасына немесе оның міндетін атқарушысына хабарлап, приставтың ертуімен кіреді.

8.Қызметтік қажеттілік болған жағдайда немесе құқық қорғау органдары қандай да бір жедел тергеу шараларын жүргізген кезде оалрдың қызметтік куәліктері тексеріледіжәне келу мақсаты нақтыланған соң сот басшысын хабардар ете отырып, кіреді.

9. Ғимаратқа кіруге төмендегі жадайларда тыйым салынады:

- ШҚО соттарының ғимараттарына МКҚБ, Мемлекеттік фельдъгерлік қызмет, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қамаудағы адамдарды айдалуымен жеткізу бойынша бөлімшелердің қызметкерлерінен басқа адамдарға атыс қаруымен немесе суық қарумен және арнайы құралдармен (газдық, травматикалық немесе пневматикалық қару, электрошоктық құрылғылар, бронежилет және т.б.) кіруге қатаң тыйым салынады;

- Облыстық соттың, аудандық және оан теңестірілген соттардың қызметкерлеріне, келушілерге соттардың әкімшілік имараттарына сот басшысының келісімінсіз аудио, бейне, фотоаппаратура және басқа да электрондық,  техникалық құралдарды (радиостанцияларды) әкелуге;

- алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас күйдегі адамдарға;

- сырт бейнес адамның абыройы мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін немесе киімінде санитарлық гигиеналық талаптарға сай келмейтін заттары бар адамдарға;

- Заңды өкілдерінің немесе педагогтарының ілесуінсіз жүрген 16 жасқа дейінгі адамдарға;  

- жануарлармен жүрген келушілерге сот ғимаратына кіруге қатаң тыйым салынады.

10.Жұмыс уақыты аяқталған соң барлық кабинеттер мөрмен бекітіледі, кілттер қол қою арқылы вахтаға өткізіледі.

11. Материалдық құндылықтарды кіргізу (шығару) Со  кеңселерінің материалдық – техникалық қамтамасыз  ету бөлімі бастығының қолы қойылған материалдық рұқсат құжаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл МКҚБ полиция қызметкерлерінің  тінтуінен кейін облыстық (қалалық) ішкі қауіпсіздік қызметімен келісіледі.

12. Жұмыс уақытында сот ғимаратына кіру үшін келушілерге бір реттік рұқсат құжаты беріледі. Келушілердің бір реттік  рұқсат құжатына тапсырыс берген өкілі онымен бірге жүріп, қабылдау аяқталғаннан кейін оны шығарып салуы тиіс. Келушіні шақырған қызметкер оны тосып алуға, шығарып салуға, шақырылған адамдардың құрамына және олардың сот ғимаратында кіргізу (шығару) және ішкі объектілік режимнің талаптарын сақтауына жауапты болады. Аталған адамдардың ауызша бұйрығы бойынша келушілерді сот ғимаратына  кіргізуге тыйым салынады.

13. Қызметкерлердің немесе келушілердің кіргізу (шығару) режимін бұзғаны туралы посттық полиция қызметкері тікелей командирге, ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне және күзетілетін нысанның басшылығына мәлімейді.

14.Осы кіргізу (шығару) режимінің ережелерін орындау барлығына міндетті болып табылады.