Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ақтөбе облыстық соты төрағасының

2017 жылғы «06» маусымдағы

№43 өкімімен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) оның мәртебесін, негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды, олардың ұйымдастылуына және қызметіне біріңғай талаптарды белгілейді.
  2. Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы өз қызметінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңын және сот оқуы саласындағы басқа да актілерді басшылыққа алады.

 

  1. Облыс сотының оқу орталығының міндеттері мен функциялары

 

  1. Облыс сотының оқу орталығының негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
  1.  сот төрелеігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту мақсатында судьяларды және сот жүйесіндегі қызметкерлерді үздіксіз сот оқуымен қамтамасыз ету;
  2.  халықаралық стандарттарды ескере отырып, сот жүйесін одан әрі  жетілдіруге жәрдемдесу;
  3.  заң ғылымы, білім беру және сот практикасы арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу.
  1.  Облыс сотының оқу орталығының негізгі функциялары болып мыналар табылады:
  1.  2017 – 2020 жылдарға арналған сот оқуы стратегиясын (бұдан әрі – Сот оқуы стратегиясы) іске асыру жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жоспарларын әзірлеу;
  2.  судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің оқуға қажеттілігін талдау;
  3.  судьялардың қажеттіліктеріне сәйкес олардың республикалық және өңірлік деңгейдегі оқыту іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету;
  4.  аудандық, облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өтуге және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясында біліктілікті арттыру курстарында оқуға қажеттілікті зерттеу;
  5.  Сот төрелігі институтында біліктілікті арттыру курстары бойынша оқудан өткен судьялардың оқуға дейінгі және оқудан кейінгі жіберілген қателіктерінің себептерін анықтай отырып, сот актілерінің сапасы туралы деректерге салыстырмалы талдау жасау;
  6.  судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қашықтықтан оқыту технологиясының бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  7. судьялар тарапынан, соның ішінде өзгертілген және күшін жойған сот актілері бар судьялар тарапынан қашықтықтан оқыту технологиясының тиімділігіне баға беруді жүзеге асыру;
  8.  оқу іс-шараларын тиімді меңгеруге және іске асыруға ықпал ететін оқу-әдістемелік материалдармен (қағаз және электронды нұсқаларда) оқып-үйренушілерді қамтамасыз ету;
  9.  тәлімгерлік бағдарламасының жұмысын ұйымдастыруды үйлестіру және оған әдістемелік көмек көрсету;
  10. жұмыс нәтижелерін талдап, тәлімгер мен жас судьяның есебі арқылы тәлімгерлік бағдарламасының тиімділігін бағалау;
  11. өздігінен оқу, жеке жоспар жасау мәселелерінде судьяларға әдістемелік көмек көрсету және тақырып бойынша материалдар беру;
  12.  сот жүйесін дамыту мәселесі жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
  13. судьяларға көмек ретінде семинарлардың материалдары бойынша жинақтар, оқыту-әдістемелік құралдар, брошюралар, буклеттер шығаруды жүзеге асыру;
  14. судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға қатысу;     
  15. судьялардың біліктілігін арттыруға бағытталған өзге де функциялар.

 

 

  1. Оқу процесін ұйымдастыру

 

  1. Облыстық соттың оқу орталығы жүргізетін оқу іс-шаралары судьялар мен сот жүйесіндегі қызметкерлердің кәсіби және практикалық білім алуына бағытталады. 
  2.  Облыстық оқу орталығы оқытудың басымды нысандары мен  әдістерін анықтайды, оқыту іс-шараларын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасайды.
  3. Оқыту процесі Сот оқуы стратегиясымен, жартыжылдықтарға арналған жұмыс жоспарымен және  сот оқуы саласындағы  басқа да актілермен реттеледі.
  4. Оқу орталықтарындағы оқыту процесінің мазмұнын және оны ұйымдастыруды анықтайтын негізгі құжаттар болып жұмыс жоспарлары табылады, оларда жеке санаттағы істерді қараудың, іс жүргізу құжаттары жасалуының, заңнаманы зерттеудің ерекшеліктері ескеріледі.
  5.  Оқыту іс шаралары судьялардың мамандануы ескеріле отырып, өткізіледі: азаматтық құқық және іс жүргізу, қылмыстық құқық және іс жүргізу, әкімшілік құқық және іс жүргізу.
  6. Облыстық соттың оқу орталығында оқыту іс-шаралары мынадай судьяларға есептелген: 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарайтын аудандық соттардың судьялары, сот актілерінің күші жойылған және өзгертілген облыстық соттардың судьялары (алқа, мамандануы бойынша).
  7. Облыстық соттың оқу орталығы судьялардың оқудағы қажеттілігін әлеуметтік сауалдың, статистикалық деректердің, сот тәжірибесін қорытындылауды талдаудың, судьялардың жеке ұсыныстары мен басқа да өлшем нысандарының негізінде зерттейді.
  8. Оқыту іс-шаралары дәрістер, дөңгелек үстелдер, конференциялар,  семинарлар, тренингтер, тағылымдамалар, тәлімгерлік бағдарламалары, қашықтықтан оқыту технологиясы, жеке оқыту және басқалары арқылы іске асырылады.
  9. Оның құзыретіне жататын алдына қойған міндеттерді іске асыру үшін облыс сотының оқу орталығы тапсырмаларды аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттарға жолдауға құқылы, олар оны орындауға міндетті.
  10. Облыс сотының оқу орталығы оқыту процесінде үйлестіру  және анықтамалық материалдарды бере отырып, ролдік ойындар, топтағы жұмыс, пікірталас, тренингтер, талқылаулар, техникалық құралдар – Power Point сияқты интерактивті әдістерді және т.б. қолдануы мүмкін.
  11. Оқытуды мамандануы бойынша жеткілікті сот тәжірибесі бар облыстық соттардың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, жоғары оқу орындарының оқытушылары арасынан дәріс оқушылары, сонымен қатар мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың өкілдері өткізеді.
  12. Ақпарат көздерін және өз бетімен оқу тетігін (мерзімдік басылымдар, қашықтықтан оқыту технологиясы, сот практикасын қорытындылау, санаттағы істер жөніндегі сот шешімдері, кітаптар және басқа да материалдар)  кеңейту және қол жетімді ету арқылы облыс сотының оқу орталығы судьяларға өз бетімен оқуға әдістемелік көмек көрсетеді.
  13. Облыстық соттың оқу орталығы қашықтықтан оқыту технологиясын қамтамасыз етуге қатысады және ол жаңа заманғы байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оқытушының аудиториямен сөйлесуін көздейді.

 

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Облыстық соттың оқу орталығына жалпы басшылықты оқу бағдарламаларын үйлестіруші – облыстық сотының судьясы жүзеге асырады.
  2. Облыстық соттың оқу орталығы қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етуін облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсесі жүзеге асырады.
  3. Облыстық соттың оқу орталығының қызметі Қазақстан Республикасының Судьялар одағымен, Сот төрелігі институтымен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен тұрақты өзара әрекеттесуге негізделеді.
  4. Облыстық соттың төрағасы облыс сотының оқу орталығының, судьялардың (дәріс оқушылардың), соның ішінде әр түрлі конкурстардың қорытындылары бойынша – үздік тәлімгер, үздік дәріс оқушы, үздік тағылымдаманың жетекшісі, үздік маман және т.б. бойынша жұмыстарын ынталандыруға бағытталған шаралар қолданады.

 

 

 

ТіркемеҚұрылғанАвторКөлем
PDF icon Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығы туралы ЕРЕЖЕ01.06.2017 15:46:43akt-manager7.07 MB