Архив событий

06/10/2017

Бұзақыға әкімшілік айыппұл салынды

06/10/2017

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша М.Я.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, М.Я. алкогольдік мас күйінде көшенің бойында сусынның бос шынысын және пакетті лақтырып, ортақ пайдалану орынын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

06/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) М.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат М.Т. алкогольдік масаң күйінде өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі әйелі Б.И.-ге қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамалды

06/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Азаматша Б. 2017 жылғы 4 қазанда Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатын әкімшілік іске қатысушы ретінде бола тұра, сотқа орта дәрежедегі алкоголді мас күйінде келіп, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Отбасының шырқын бұзушы қамалды

06/10/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 2-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Б.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бітімгершілік келісім – дауды шешудің жолы ретінде

06/10/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьялары және шақырылған адвокаттар, медиаторлар, заңды тұлға өкілдерінің қатысуымен «Бітімгершілік келісім – дауды шешудің жолы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот шығындары туралы

06/10/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында прокурор А.Аязбаеваның,  заңгер Ж.Айтпембетовтың, «Қоғамдық келісім» КММ кәсіби медиаторы К.Каусованың, «Медиаторлардың Ұлттық палатасы» РҚБ орталығы директоры С.Тулькубаеваның, «Халықаралық құқық қорғаушы орталығы» ҚБ Батыс-Қазақстандық аумақтық филиалы кәсіби медиаторы Д.Саликованың  және сот судьяларының қатысуымен «Сот шығындары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.