Архив событий

02/10/2017

Отбасы- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін жауапқа тартылды

02/10/2017

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлімімен (Отбасы- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) құқық бұзушы И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

02/10/2017

Хромтау аудандық сотымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1 бөлігімен  И. жөніндегі әкімшілік іс қаралды, себебі И. азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде сот ғимаратына алкогольдік ішімдік  ішкен мас күйінде келіп, өзінің іс-әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірді.                             

Сот отырысында құқық бұзушы И. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетті.                                                         

«Әкімшілік құқық бұзушылықты дәрежелеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

02/10/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықты дәрежелеу туралы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға судьялар, Ақтөбе қалалық прокуратурасының өкілі, Ақтөбе қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің, оған қарасты Сазды, Заречный, Елек, Зауыт полиция бөлімдеріндегі басшылары, сонымен қатар,  Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі қатысты.

120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып және көлік жүргізу құқығынан айырылды

02/10/2017

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру үшін белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыру, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу туралы

1 қазан – халықаралық қарттар күні

02/10/2017

Бүгін Қобда аудандық сотының төрағасы  А.Т.Анарбаев  сот қызметкерлерімен бірлесіп, Қарттар күні мерекесіне орай  2003-2009  жылдар аралығында Қобда аудандық сотында  от жағушы болып жұмыс жасаған зейнеткер Есмұханов Кеңесті  құттықтады.

Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев  естелік сыйлықтарын табыс етті.

Халықаралық қарттар күнімен құттықтау

02/10/2017

Байғанин аудандық сотының ұжымы зейнеткер, сот жүйесінің ардагері Б.Өтегенованы мерекесімен құттықтады.

Балия Өтегенова Байғанин аудандық сотында 20 жылдан астам уақыт бойына сот отырысының хатшысы болып жұмыс жасаған.

Төраға Ж.Б.Қуанышев сот ұжымы атынан салтанатты түрде естелік сыйлықты табыс етіп, отбасына амандық, елімізге молшылық пен табыстар тіледі.

Шара соңында Б.Өтегенова сот ұжымына өз ризашылығын білдірді.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық іс қаралды

02/10/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Т» ЖШС-нің «Д» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.