Архив событий

14/06/2017

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

14/06/2017

Ақтөбе облыстық сотының Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша Жұмыс жоспарына сәйкес, «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігінің оқу орталығында, Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Раимкулова «Дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасын жүзеге асыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Құқық бұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапқа тартылды

14/06/2017

Ойыл аудандық сотында  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азаматша Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел

14/06/2017

Әйтеке би аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» туралы тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сот төрағасының м.а. К.Т.Әбдіхалықов, судья М.Мұхамбетқалиев, аудан прокурорының аға көмекшісі А.Арықов, Әйтеке би АІІБ-нің бастығының орынбасары С.Б.Амирин, Әйтеке би ауданы әкім аппаратының заңгері С.Қабдылдин және «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев қатысты.

Ақтөбе облыстық филиалының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымы өкілдерімен бірлескен қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

14/06/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы А.У.Коханова «Ардагерлер ұйымы» ҚҰ Ақтөбе облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізді. «Ардагерлер ұйымы» қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және Ақтөбе облысының Соттар Әкімшісінің «Call-center» тақырыбында түсіндірме өткізді.

Ақтөбе қалалық сотымен медиация арқылы міндеттемеге сәйкес сомасы өндірілді

14/06/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы  М.-тың жауапкер А.-дан  міндеттемеге сәйкес соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы М. жауапкер А.-дан міндеттемеге сәйкес соманы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Талап қоюшы өз талабында тараптар арасында жасалған міндеттемеге сәйкес, жауапкер автокөлік үшін 2 736 000 теңге беруге міндеттелген, алайда аталған міндеттемені орындамағанын негіздеген. Осыған орай, соттан жауапкерден 2 736 000 теңге сомасын өндіруді сұраған.

Алкоголді мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қамауға алынды

14/06/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 9 маусымда 03 сағат шамасында, Ақтөбе қаласы, Қарғалы селосы, Геолог көшесіндегі «Грейс» кафесінің қарсысында, «Vaz» маркалы көлік құралын алкоголді мас күйінде басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын 2.4.2 тармағының талабын орындамай, ҚР  әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде

Дау сот медиациясы тәртібімен реттеу жолымен шешілді

14/06/2017

Ақтөбе облысы Әйткеби аудандық сотымен талап қоюшы С. жауапкер С. кәмелетке толмаған баласын үш жасқа толғанға дейін күтіп бағуға өзінің пайдасына 6 АЕК көлемінде ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы С.А. 2017 жылы 07 ақпанда туған С. атты баласының күтіміне байланысты жұмыс жасамайтыны, ал жауапкер С.К. өз еркімен қосымша материалдық көмек көрсетпейтіні анықталды.

Қылмыстық жауаптылықтан босатылды

14/06/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Б. қатысты  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 188-бабының  1-бөлігімен  (ұрлық)  қылмыстық  іс  қаралды.       

Бітімгершілік келісім бекітілді

14/06/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Д» ЖШС-нің «З» ЖШС-нен  қарыз бен өсім сомасын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне кәмелетке толмағандардың істері жөнінде дәріс оқытылды

14/06/2017

Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныңтөрағасы Н.Б.Ормаханов«Кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына немесе айрықша режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу» тақырыбында дәріс өткізілді.