Архив событий

02/06/2017

Аса ауыр қылмыс

02/06/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан  Республикасы ҚК-нің  99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағымен (екі не одан да көп адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) және 291 бабының 1 бөлігімен (атыс қаруын жымқыру) айыпталған азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сот төрағасы 10-11 сынып оқышыларымен кездесті

02/06/2017

Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.Аманкулова Бадамша ауылындағы №1 және №2 орта мектебінің ұстаздарымен және 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Аталған шара оқушылардың мамандық таңдау, жазғы демалысы қарсаңында, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Сотпен жұмыскерлердің жалақы өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды

02/06/2017

Ақтөбе қалалық сотпен талап қоюшы Ж., П., И. жауапкер «С.» ЖШС- нен жалақы өндіру туралы талап арызы қаралған.

Талап арызында талап қоюшылар жауапкердің қарамағында  әр түрлі лауазымда жұмыс жасағанын, жауапкер  жалақыны төлемегенін қорсеткен. Талап қоюшылар жауапкерден жалақыны өндіруді,  міндетті зейнетақы жарналарын аударуды міндеттеуді және мәжбүрлі бос жүрген уақыттарына өтем өндіруді сұраған.

Сот шешімімен  талап арыз ішінара  қанағаттандырылды.

Ақтөбе қалалық сотында коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді

02/06/2017

Ақтөбе қалалық сотында коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шарада осы соттың судьясы А.Жамиев баяндама оқып, өз сөзінде коммуналдық қызметтер үшін ақы өндіріп алу туралы азаматтық істерді қарау барысында туындайтын проблемалар жөнінде және   дөңгелек үстел қатысушыларға дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің артықшылығы жөнінде баяндады.

Дау бітімгершілік келісіммен реттелді

02/06/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К.-тың  жауапкер «A.S.G.» ЖШС-не 283 175 теңге мөлшерінде міндетті зейнетақы салымдарын «БЖЗҚ» АҚ - ның шотына аудару туралы азаматтық ісі  қаралды.